У-шу
У-шу – барлық жастағы, әр түрлі салмақтағы адамдардың айналыса беруіне болатын, сырқаттығына, дененің кемістігіне еш зиян тигізбейтін аса пайдалы жаттығулардың тұтас жүйесі. Қытай халқының жекпе-жек спорттарын жалпы түрде «У-шу» деп атайды. Ол «соғыс техникасы» немесе «соғыс өнері» деген мағынаны білдіреді.
У-шу көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан спорттың түрі. Қазіргі кезде оның неше түрлі мектептері, олардың өздеріне тән көптеген ерекшеліктері бар. У-шудың адам өз еркімен, асықпай, байыппен жасайтын әдіс – тәсіл жаттығулары денсаулықты сақтауда және нығайтуда өте пайдалы. Шығыс жекпе – жектерінің бұл түрі негізінен қарсы жақтың шабуылынан қорғану үшін қолданылады. Қорғану мен шабуыл жасауға адамның барлық дене мүшелері қатысады. Сонымен бірге бірнеше құрал түрлері пайдаланылады. У-шу адамның жаны мен тәнін бірдей шынықтырып, жетілдіретін, алуан түрлі шабуылдан қорғануға өте қолайлы спорт түрі болғандықтан, ғасырдан ғасырға жалғасып, дүние жүзіне тарады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Дене шынықтыру : Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық