Эдвин Хаббл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Эдвин Хаббл
ағылш. Edwin Hubble
Туған күні

20 қараша 1889 (1889-11-20)

Туған жері

Маршфилд, Миссури (штат)

Қайтыс болған күні

28 қыркүйек 1953 (1953-09-28) (63 жас)

Қайтыс болған жері

Сан-Марино, Калифорния

Ғылыми аясы

астрономия

Жұмыс орны

Йерк обсерваториясы, Маунт-Вилсонов обсерваториясы

Несімен белгілі

Хаббл заңының, Хаббл эффектісінің авторы

Марапаттары


Кэтрин Брюс медалі
Родс стипендиясы

Эдвин Пауэлл Хаббл (ағылш. Edwin Powell Hubble, 20 қараша 1889, Маршфилд, штат Миссури — 28 қыркүйек 1953, Сан-Марино, штат Калифорния) — америкалық астроном, Вашингтондағы Ұлттық Ғалымдар Академиясының мүшесі.

Еңбек жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Негізгі ғылыми еңбектері галактикаларды зерттеуге арналған. Ол тұмандықтарды галактикалық және галактикадан тыс тумандықтар деп классификациялауды ұсынды. Бізге жақын галактикадан тыс тұмандықтардың жұлдыздық табиғаты бар екендігін, яғни олардың біздің Галактикаға ұқсас екендігін дәлелдеді. Галактикалардың спектріндегі қызыл ығысудың галактикалардың ара қашықтығына пропорционал екендігін көрсетті[1].

1920 жылдардың басында Хаббл кейбір жұлдыздардың біз орналасқан Құс Жолы галактикасынан тыс жатқанын дәлелдеген. Бұл жаңалық сол уақыттағы ғалам тек Құс Жолынан ғана тұрады деген тұжырымның дұрыстығы туралы дау туғызды. Ғалым, сондай-ақ, галактикалардың қызыл ығысуын зерттеді, нәтижесінде Хаббл заңы дүниеге келді. 1983 жылғы Үлкен ғарыштық телескоптың атауы, астрономияға үлкен үлес қосқан Эдвин Хабблдың құрметіне Хаббл телескопы болып өзгертілді. Телескоп 1990 жылы іске қосылды және 2014 жылға дейін қызмет етеді деп есептелуде[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
  2. Эдвин Хаббл деген кім? Мұрағатталған 4 шілденің 2015 жылы.