Ява

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ява
индон. Jawa, Үлгі:Lang-jv
Сипаттамасы
Ауданы132 000 км²
Ең биік нүктесі3676 м
Тұрғындар (2010 жыл)140 000 000 адам
Халық тығыздығы1060,606 адам/км²
Орналасуы
7°30′10″ о. е. 111°15′47″ ш. б. / 7.5028° о. е. 111.2631° ш. б. / -7.5028; 111.2631 (G) (O) (Я)Координаттар: 7°30′10″ о. е. 111°15′47″ ш. б. / 7.5028° о. е. 111.2631° ш. б. / -7.5028; 111.2631 (G) (O) (Я) (T)
Аралды шаятын акваторияларҮнді мұхиты, Тынық мұхит
Ел Индонезия
Ява (Индонезия)
Ява
Ява Ортаққорда

Ява (индон. Jawa) — Малайя топаралы, Үлкен Зонд аралдар тобының құрамындағы арал, Индонезия иелігінде. Ауданы 126,5 мың км2. Батыстан шығысқа қарай 1000 км-ге созыла орналасқан, жағалауы көп тілімденбеген. Ява жағалауын Үнді мұхиты, Ява, Бали т-дері мен Зонд бұғазының суы шайып жатыр. Аралда 100-ден аса жанартау бар, оның 30-ы әрекетті, жиі-жиі жер сілкінулер болып тұрады. Ең биік жері 3676 м (Семеру жанартауы). Солт. төбелі жазық. Климаты субэкваторлық муссонды. Орташа айлық температура 25 – 27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 – 3000 мм. Мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін тропиктік орман, тау шыңдарында бұталар мен шалғын, шығыс бөлігінде саванна мен сирек ормандар таралған. Балюран, Гунунг-Геде-Пангранго, Уджунг-Кулон ұлттық саябақтары құрылған. Жазық жерлері игерілген, жүгері, күріш, қант құрағы, кокос пальмасы, каучук ағашы өсіріледі. Мұнай кен орындары бар. Дүние жүзіндегі ең жиі қоныстанған ауданның бірі. Тұрғыны 103 млн. адам. Ірі қалалары: Джакарта, Бандунг, Сурабая.