Өтірік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Өтірік — шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмадауға саятын қарым-қатынас феномені. Өтірік көбіне дереу тексерілуі қиын не мүмкін емес сөздік хабарламалардың мазмұнында білінеді не көрініс табады. Өтірік сөздік қарекеттің реципенттерді шатастыру мақсатын көздейтін, ұғына отырып жасалған өнім болып табылады. Әдетте Өтірік нақты бір жағдаяттарда жекелей не әлеуметтік артықшылықтарға ие болуға тырысудан туындайды.

Оған тән сипат индивид өзінің өтірігін орнықсыз және уақытша бірдеңе деп ұғынбай бағамдайды; осыдан да бастапқыда оған жаңа қуаттамаларды көптеп ойлап табуға тырысушылық, ал кейіннен ол туралы мүлдем ештеңе демеуге бейімділік интенциясы қабаттасады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өтірік әр уақытга құрал болып көрінетін болса, психопотология саласында ол айналасындағыларды алдап шатастыру процесінің өзінен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын мифоманпсихопаттардың мақсаты болып көрініс береді.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Өтірікшілік