(1566) Икар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
(1566) Икар
Ашылу деректері
Кім ашқан: Вальтер Баад
Ашылған күні: 27.06.1949
Орбиталық сипаттамасы
Үлкен жарты осі: 161,261 млн км (1,07796 а. е.)
Физикалық сипаттамалары
Мағыналы радиусы: 0.5 км
Массасы: 2,9·1012 кг
Тығыздығы: 2,000 г/см³
Температурасы: 242 К (−31 °C)

(1566) Икар (көне грек – Ἴκαρος) — қатты созылған орбитасымен сипатталатын және аполлон тобына жататын Жер шары маңындағы кішкентай астероид. Оны 1949 жылдың 27 маусымында АҚШ-тағы Паломарс обсерваториясында неміс астрономы Вальтер Баад ашты және аты Икардың (ерекше өлімімен танымал болған көне грек мифологияның кейіпкері) құрметіне қойылған.

Орбиталық мінездемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астереоид орбитаның жоғары эксцентриситетіне (аспап бөлшегінің айналу осі мен оның ортасы арасындағы қашықтық) ие, шамамен 0,83. Соның әсерінен орбитада қозғалу үрдісінде ол Күннен біршама алыстап, жер тобындағы барлық планеталардың орбитасымен қиылысады. Солай, Икар - Меркурий орбитасының ішімен өз орбитасының перигелиясына кіріп, Күнге 28,5 млн км қашықтыққа жақындау арқылы өз есімін ақтайды. Күнге осындай қашықтыққа жақындау кезінде Икар астероидының бет жағы 600°C температурадан астам көтеріледі.

1949 және 1968 жылдар аралығында Икар Меркурий планетасына қатты жақындағаны соншалық, тіпті, Меркурий өзінің гравитациондық жазықтығымен астероидтың орбитасын өзгертіп жібереді. 1968 жылы австралилық астраномдардың есептеуі бойынша, Икардың Жерге жақындауына байланысты сол жылы астероид Үнді мұхиты африка жағалауына құлап, опырылуы мүмкін еді. Бақытқа орай, бұл есептеулер ақталмады. Себебі астероид 6,34 млн км қашықтықта Жер планетасының жанынан өтіп кетті. Алайда, Икар Жерге құлаған жағдайда, соқтығыс энергиясы 100 Мт тротилді эквивалентке сайма-сай болар еді.

Икар астероиды Жерге әрбір 9, 19, 38 жыл сайын жақындайды. Соңғының алдында астероид 1996 жылы 15,1 млн км қашықтықта Жерге жақындады. Ең соңғы рет астероид 2015 жылдың 16 маусымында астероид Жерден 8,1 млн км қашықтықта ұшып кету керек болатын. Сол жылы Икар Атлант мұхиты Еуропа мен Солтүстік Американың ортасына құлауы мүмкін еді. Онда Жердің бестен бір бөлігі өліп кетер еді. Келесі жолы астероид Жерге 6,5 млн км қашықтықта 2090 жылдың 14 маусымында жақындайды.

1967 жылдың көктемінде студенттердің алдында Массачусет технологиялық институттың профессорына болып қалуы ақиқат Икар астероидымен соғысуды жоятын жоба құрастыру тапсырылды. Ол жобаның аты Икар жобасы деп аталды. Бұл жоба туралы алғашқы хабарламалар 1967 жылдың маусымында Time журналында, ал ең үздік хабарламалар бір жыл өткен соң кітап ретінде жарияланды. Берілген жұмыстар голливудтық продюсерлерді

Мәдениетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аспан шақырады (1959) атты кеңестік ғылыми-фантастикалық фильмде өңірінде (борт) американдықтар бар кеңестік құтқарушы экспедиция тобы Икар астероидына апаттық қону жасайды. Оларға Жерден көмектескісі келеді.
  • Американдық жазушы Артур Кларк 1960 жылы космокардың бұзылуына байланысты Күнді зерттеу экспедициясының қатысушысы - Шеррард астероидқа қонғаны және астероидтың жағдайлары туралы Икардағы жаз атты ғылыми-фантастикалық әңгіме жазады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]