III Мехмет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

III Мехмет
осман. محمد ثالث‎ — Mehmed-i sâlis
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
III Мехмет
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 13-ші сұлтаны
Ислам халифатының 78-ші халифі
27 қаңтар 1595 — 21 желтоқсан 1603
(Лақап аты Әділ III Мехмет)
Ізашары III Мұрат
Ізбасары I Ахмет
Мұрагері Сәлім шаһзада (27 қаңтар 159520 сәуір 1597)
Махмұт шаһзада (20 сәуір 15977 маусым 1603)
Ахмет шаһзада (7 маусым 160321 желтоқсан 1603)
Ту
Ту
Маниса санжақбейі
1583 — 27 қаңтар 1595
Монарх III Мұрат
Ізашары Мұрат шаһзада
Өмірбаяны
Мамандығы Ақын, қолбасшы
Діні Ислам
Дүниеге келуі 26 мамыр 1566 (1566-05-26)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 21 желтоқсан 1603 (1603-12-21) (37 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді III Мехмет мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі III Мұрат
Анасы Сафие сұлтан
Жұбайы Халиме сұлтан
Хандан сұлтан
Балалары Ұлдары:
Сәлім шаһзада
Жиһангир шаһзада
Махмұт шаһзада
I Ахмет
I Мұстафа
Қыздары:
Қадиша сұлтан
Ділруба сұлтан
Есра сұлтан
Айша сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
III Мехмет Ортаққорда

III Мехмет (осман. محمد ثالث‎ — Mehmed-i sâlis; ақындық лақап аты — Әділ (түр. Adlî); 26 мамыр 1566 — 21 желтоқсан 1603) — Османлы мемлекетінің 13-ші сұлтаны, Ислам халифатының 78-ші халифі, ақын, қолбасшы.

Бұл сұлтанның тұсында Османлы мемлекетінің нағыз ыдырауы басталды. Қазына бос қалды, билік сыбайласқан, ал әскер тәртіпсіздендірілді.

III Мехмет 1568 жылы османлы елордасы Константинопольде дүниеге келді.

Хачова шайқасы

Таққа отырғаннан кейін өзінің 19 інісін өлім жазасына кесті. Бұл Османлы тарихындағы ең ірі бауыр өлтірушілік. Бұл өлім жазасының себебі: сұлтан өзінің інілерінің тарапынан болатын бүліктен қорықты. Және де бұл қорқыныш оның сарайдағы кафес (тор) атты павильонда шаһзадаларды ұстауына да себеп болды.

Дунайдағы аустриялықтардың әскери жетістіктеріне ыза болған жаңа шеріктер мен османлы халқы елордада наразылық шараларын ұйымдастырды. Соған байланысты 1596 жылы сұлтан Мажарстанға қарсы жорыққа аттанды. Жорық кезінде Хачова шайқасында Габсбургтардың әскерін жеңді, алайда сол жеңісін тиімді пайдалана алмай, елордадағы ойын-сауық өміріне қайтып келді.

III Мехметтің әкесі III Мұрат жаулап алған парсы жерлерінде төңкерістер орын алып, парсылар сол жерлерді қайтарып алды.

III Мехмет өзінің билеген жылдарын көбінесе гаремде өткізгендіктен, күңдері өте көп болды. Ол күңдерінен көп бала тапты, алайда балалар есімдерінің көбісі сақталмаған. Тек сақталғаны осылардікі: Сәлім шаһзада, Жиһангир шаһзада, Махмұт шаһзада, I Ахмет, I Мұстафа, Қадиша сұлтан, Ділруба сұлтан, Есра сұлтан және Айша сұлтан. Сәлім шаһзада 12 жасында қызамық ауруынан қаза тапты. Махмұт шаһзада сұлтанды тақтан тайдыру айыбымен 1603 жылы өлім жазасына кесілді. Ал I Ахмет пен I Мұстафа, сәйкесінше, 14-ші және 15-ші османлы сұлтандары болды.

Күңдерінің арасынан ең танымалдары: Халиме сұлтан және Хандан сұлтан. Халиме сұлтан — Махмұт шаһзада, Дилируба сұлтан мен I Мұстафаның анасы. Ал Хандан сұлтан — I Ахметтің анасы[1].

Садрағзамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
57 Сардар Фархат паша 27 қаңтар 15957 шілде 1595 7 ай
58 Қожа Синан паша 7 шілде 159519 қараша 1595 3 ай
59 Текелі Лала Мехмет паша 19 қараша 159528 қараша 1595 9 күн
60 Қожа Синан паша 1 желтоқсан 15953 сәуір 1596 5 ай
61 Дамат Ибраһим паша 4 сәуір 159527 қазан 1596 6 ай
62 Жүсіп Синан паша 27 қазан 15965 желтоқсан 1596 2 ай
63 Дамат Ибраһим паша 5 желтоқсан 15963 қараша 1597 11 ай
64 Хадым Хасан паша 3 қараша 15979 сәуір 1598 5 ай
65 Жеррах Мехмет паша 9 сәуір 15986 қаңтар 1599 9 ай
66 Дамат Ибраһим паша 6 қаңтар 159910 шілде 1601 2 жыл
67 Жемісші Хасан паша 22 шілде 16013 қазан 1603 2 жыл
68 Малқош Жауыз Әли паша 3 қазан 160321 желтоқсан 1603 3 ай

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://www.academia.edu/4449293/ III Мехмет, I Ахмет, I Мұстафа және XVII ғасырдағы Османлы саяси дағдарысы
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
III Мұрат
III Мехмет
27 қаңтар 159521 желтоқсан 1603
Ізбасары
I Ахмет
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат