Remote Desktop Protocol
RDP (ағылш. Remote Desktop Protocol — қашықтағы жұмыс үстелі протоколы) — Microsoft компаниясы жасап шығарған қолданбалы деңгейдегі протокол. Бұл протокол терминалдық қосылымдар сервисінің көмегімен, серверді және пайдаланушыны байланыстыруда қолданылады. Клиенттер барлық дерлік Windows нұсқаларында (Windows CE және Mobile жүйелерінде де), Linux, FreeBSD, MAC OS X жүйелерінде бар. Әдетте 3389 TCP порты қолданылады. Клиенттік бағдарламалық жабдықтың ресми атауы - Remote Desktop Connection немесе Terminal Services Client (TSC), мысалы, Windows 2k/XP/2003/Vista/2008/7 жүйелеріндегі клиент mstsc.exe деп аталады..
Ерекшеліктері:
- 32-биттік түсті қолдау (алдыңғы нұсқалардағы 8-, 15-, 16-, және 24-биттік қолдауға қосымша)
- 128-биттік шифрлеу. Шифрлеу үшін RC4 алгоритмі қолданылады (қауіпсіздіктің әдеттегі деңгейі; көне клиенттер әлсіздеу шифрлеуді қолдануы мүмкін). Бірақ, «man-in-the-middle vulnerability» осалдығына байланысты, 6.0 нұсқасынан көне нұсқаларда трафик орта жолдан оқылуы мүмкін.
- Transport Layer Security қолдауы.
- Қашықтағы ДК дыбысы локальды компьютерге жіберіліп, сонда ойнатыла алады.
- Локальды ресурстарды қашықтағы машинаға қосуға мүмкіндік береді.
- Қашқытағы ДК-де локальды немесе желілік принтерлерді қолдануға мүмкіндік береді.
- Ағымдағы сеанс шегінде орындалып жатқан бағдарламаларға локальді тізбекті және параллель порттармен мәлімет алмасуға мүмкіндік береді.
- Алмасу буферінің көмегімен ақпарат алмасуға болады.
Windows Server 2008 және Windows Vista жүйелерінде протоколдың жаңа нұсқасы - RDP 6 қолданылады.
RDP әдетте виртуальды консольдар құрмайтындықтан, оларға емес, тікелей 0 консоліне (негізгі консоль - тышқан/пернетақта) қосылу үшін, RDP-клиентті console параметрімен іске қосу керек.
- Мысалы: mstsc /console
- RDP 6 мысалы : mstsc /admin
Нұсқалар тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- RDP алғашқы нұсқасы (4.0 деп аталған) Terminal Services Windows NT 4.0 пайда болды. Ол T.share (T.128 деген атпен де белгілі) протоколына негізделген.
- 5.0 нұсқасы Windows Server 2000 жүйелерінде пайда болды. Бұл нұсқада қосымша мүмкіндіктер, мысалы локальды принтерлерге басып шығару мүмкіндігі қолдау тапты, және желінің өткізу мүмкіндіктерін тиімдірек пайдаланды..
- 5.1 нұсқасы Windows XP Professional жүйесінде пайда болып, 24-биттік түсті және дыбысты қолдады.
- 5.2 нұсқасы Windows Server 2003 жүйесінде пайда болып, консольды, сеанс каталогын қолдады, және де локальды ресурстарды қашықтағы машинаға қосуға мүмкіндік берді.
- 6.0 нұсқасы Windows Vista жүйесінде орнатылып, бұл нұсқада қашықтан алмасу бағдарламаларын, Windows Presentation Foundation бағдарламаларын, бірнеше мониторларды пайдалану мүмкіндігі және TLS 1.0 қосылымдар пайда болды.
- 6.1 нұсқасы 2007 жылдың ақпанында шығарылып, Windows Server 2008 жүйесіне орнатылды, және де Windows Vista SP1 мен Windows XP SP3 жүйелеріне жаңарту пакеттері ретінде шықты.
Консольмен жұмыс істеу жақсаруымен қатар, бұл нұсқа Windows Server 2008де пайда болған жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қолдады (мысалы, Terminal Services Easy Print Driver, принтерді қайта бағыттау клиенттік жүйесі - серверде принтер драйверін қондырмай-ақ бағдарламалардан локальді баспаға шығару мүмкіндігі).
- 7 нұсқа (Windows 7 құрамында шықты)
- Желілік деңгейдегі аутентификацияны қолдау (Network Level Authentication)
- RDP ядросының өнімділігінің артуы
- Windows Aero технологиясын қолдау (Aero over Remote Desktop)
- Бағдарламаларда Direct2D және Direct3D 10.1 технологияларын қолдау
- Мультидисплейлік конфигурацияларды толыққанды қолдау
- Мультимедиамен жұмыстың жақсартылуы
- Media Foundation технологиясын қолдау
- DirectShow технологиясын қолдау
- Аудионы ойнату кезіндегі кідіру ұзақтығы азайтылды
- Екі бағыттағы аудиоағымдарды қолдау пайда болды
Тағы да қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Linux-тағы қолданылуы
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|