iPhone құрылғысында «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану
iPhone 16 үлгілерінің барлығында айналаңыздағы орындар мен нысандар туралы қосымша мәліметтерді жылдам алу үшін визуалды интеллектіні пайдалануыңызға болады. Қолдау көрсетілетін iPhone 16 үлгілерінде мейрамхана немесе компания туралы мәліметтерді іздеу, мәтінді аудару, қорытындылау немесе дауыстап оқу; өсімдіктер мен жануарларды анықтау және т.б. сияқты әрекеттерді орындау үшін жай ғана «Камераны басқару» құралын (төменде көрсетілген) басып тұрыңыз. Визуалды интеллект функциясын iPhone 16e құрылғысында да «Әрекет» түймесін немесе Құлыптау экранын бейімдеу, я болмаса Басқару орталығын ашу арқылы қосып алуға болады. iPhone 16e құрылғысында «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану бөлімін қараңыз.
Ескертпе: «Визуалды интеллект» функциясын iPhone 16, iPhone 16 Plus, iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max құрылғыларындағы iOS 18.2 жүйесінде немесе одан кейінгі нұсқаларында және iPhone 16e құрылғысындағы iOS 18.3 жүйесінде немесе одан кейінгі нұсқаларында бар. Визуалды интеллектті пайдалану үшін Apple Intelligence қосулы болуы тиіс. Егер сіз ЕО-да болсаңыз және Apple аккаунтыңыздың елі немесе аймағы да ЕО-да болса, Apple Intelligence функциясын iPhone және iPad құрылғыларында қолдану мүмкін болмайды. Apple Intelligence функциясының құрылғыңыз бен тіліңіз үшін қол жетімді екенін тексеру үшін Apple Intelligence талаптары атты Apple қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
iPhone 16e құрылғысында «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану
iPhone 16e құрылғысында визуалды интеллектіні белсендіру үшін мына опциялардың кез келгенін таңдауыңызға болады:
«Әрекет» түймесі: iPhone 16e құрылғысының сол жағындағы «Әрекет» түймесін «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану үшін бейімдеңіз. «Визуалды интеллект» функциясын «Әрекет» түймесімен пайдалану бөлімін қараңыз.
Құлыптау экраны: «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану үшін Құлыптау экраныңыздың төменгі жағына визуалды интеллект басқару элементін қосыңыз. Құлыптау экранының төменіндегі басқару элементтерін өзгерту бөлімін қараңыз.
Басқару орталығы: Басқару орталығын ашу үшін экранның жоғарғы оң жақ шетінен төмен сырғытыңыз, одан кейін «Визуалды интеллект» функциясын пайдалану үшін
түймесін түртіңіз.
Орын туралы ақпаратты алу
Визуалды интеллект функциясын алдыңыздағы компания туралы жұмыс уақыты, қолжетімді қызметтер және байланыс ақпараты сияқты мәліметтерді алу үшін пайдалануыңызға болады. Бизнеске байланысты, сондай-ақ шолулар мен рейтингтерді көре аласыз, брон жасай аласыз немесе жеткізуге тапсырыс бере аласыз. (Тек АҚШ-та қолжетімді.)
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын алдыңыздағы бизнес нысанына қаратыңыз.
«Камераны басқару» құралын қайтадан басыңыз немесе экранның жоғарғы жағындағы компания атауын түртіңіз, одан кейін компанияға байланысты келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Жұмыс уақыттарын қарау: «Кесте» түймесін түртіңіз.
Жеткізу үшін тапсырыс жасау: «Тапсырыс» түймесін түртіңіз.
Ұсынылған мәзірді немесе қызметтерді қарау: «Мәзір» түймесін түртіңіз.
Брондау: «Брондау» түймесін түртіңіз.
Компанияға қоңырау шалыңыз, оның веб-сайтын қараңыз және т.б.:
түймесін түртіңіз.
Визуалды интеллект терезесін жабу үшін
түймесін түртіңіз немесе экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Жануарлар мен өсімдіктер туралы ақпарат алу
Жануарлар мен өсімдіктерді анықтау үшін визуалды интеллектті пайдалануыңызға болады.
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын алдыңыздағы жануарға немесе өсімдікке қаратыңыз.
Экранның жоғарғы жағындағы нәтижесін түртіңіз.
Нәтижелерді жабу үшін
түймесін түртіңіз, визуалды интеллект терезесін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Мәтінмен әрекеттесу
Визуалды интеллектті айналаңыздағы мәтінмен түрлі жолдарда әрекеттесу үшін пайдалануыңызға болады. Мысалы, визуалды интеллектке мәтінді қорытындылатуыңызға және аудартуыңызға немесе оны дауыстап оқытуыңызға болады. Визуалды интеллект сонымен қатар мәтіндегі телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайлары, веб-сайттар сияқты байланыс ақпаратын анықтай алады және мәтін түріне байланысты әрекет жасай алады.
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын алдыңыздағы мәтінге қаратыңыз.
«Камераны басқару» түймесін қайтадан басыңыз немесе мәтінді талдау үшін экранның төменгі жағындағы шеңберді түртіңіз.
Мәтінге байланысты келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Мәтіннің қысқаша мазмұнын оқу: Экранның төменгі жағындағы «Жинақтау» түймесін түртіңіз.
Мәтінді аудару: Экранның төменгі жағындағы «Аудару» түймесін түртіңіз.
Дауыстап оқылған мәтінді тыңдау: Экранның төменгі жағындағы «Дауыстап оқу» түймесін түртіңіз.
Телефон нөміріне қоңырау шалыңыз, электрондық пошта хабарын бастаңыз, күнтізбе шарасын жасаңыз немесе веб-сайтқа өтіңіз: Экранның төменгі жағындағы телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, күнді немесе веб-сайтты түртіңіз. Қолжетімді опциялардың барлығын көру үшін
түймесін түртіңіз.
Мәтін нәтижелерін жабу үшін
түймесін түртіңіз, визуалды интеллект терезесін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Постердегі немесе флайердегі мәліметтерден күнтізбе шарасын жасау
Постерде немесе флайерде оқиғаны көргенде «Күнтізбе» қолданбасында оқиға жасау үшін визуалды интеллектті пайдалануыңызға болады.
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын болашақтағы күн көрсетілген постерге немесе флайерге қаратыңыз.
Экранының жоғарғы жағындағы «Оқиға жасау» түймесін түртіңіз, одан кейін «Кесте» түймесін түртіңіз.
Оқиға мәліметтеріне өзгертулер енгізу үшін «Өңдеу» түймесін түртіңіз, өзгертулер енгізіңіз, одан кейін «Қосу» түймесін түртіңіз.
Оқиға «Күнтізбе» қолданбасына автоматты түрде қосылады.
Оқиға мәліметтерін жабу үшін
түймесін түртіңіз, визуалды интеллект терезесін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
ChatGPT чат-ботынан ақпаратты сұрау
ChatGPT** чат-ботынан айналаңыздағы нәрселер туралы қосымша ақпарат сұрау үшін «визуалды интеллект» функциясын пайдалануыңызға болады.
Ескертпе: ChatGPT аккаунтын осы функциямен пайдалануыңызға болады. Apple Intelligence функциясымен ChatGPT чат-ботын пайдалану бөлімін қараңыз.
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын алдыңыздағы затқа қаратыңыз.
ChatGPT чат-ботынан нысан туралы сұрау үшін
түймесін түртіңіз.
түймесін түрткеннен кейін экранның төменгі жағындағы мәтін өрісіне қосымша сұрақты теруіңізге немесе айтуыңызға болады.
ChatGPT нәтижелерін жабу үшін
түймесін түртіңіз, визуалды интеллект терезесін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Google жүйесінен ұқсас элементтерді іздеу
Google жүйесінен айналаңыздағыларға ұқсайтын элементтерді іздеу үшін «Визуалды интеллект» функциясын пайдалануыңызға болады.
Қолдау көрсетілетін үлгілерде «Камераны басқару» құралын басып тұрыңыз немесе iPhone 16e үлгісінде басқа қолдануға болатын опцияларды пайдаланыңыз.
iPhone құрылғыңыздың камерасын алдыңыздағы затқа қаратыңыз.
Google жүйесінен ұқсас суреттерді іздеу үшін
түймесін түртіңіз.
Google нәтижелерін жабу үшін
түймесін түртіңіз, визуалды интеллект терезесін жабу үшін экранның төменгі жағынан жоғары қарай сырғытыңыз.
Ескертпе: Google жүйесінің пайдалану шарттары мен деректердің құпиялылық саясаттарына қатысты.