iPhone құрылғысында экран уақытын, рұқсаттарды және шектеулерді орнату
Settings терезесінде экран уақыты, қолданбаны пайдалану және мазмұн рейтингтері бойынша рұқсаттар мен шектеулерді орнатыңыз.
Өзіңіз бен жанұяңыз iOS құрылғыларыңызды қалай пайдаланатынын түсіну уақытыңызды басқару және қандай қолданбалар мен мазмұнға уақыт жұмсағыңыз келетіні туралы шешімдер қабылдауыңызға көмектесе алады. iPhone құрылғыңыздағы Screen Time қолданбасы қолданбалардың әртүрлі түрлерін пайдалануға қанша уақыт жұмсайтыныңызды, сізге көп хабарландырулар жіберетін қолданбаларды және т.с.с. көрсететін жиынтықты шығарады. Ол ақпаратты белгілі бір қолданбалар мен веб-тораптарды пайдалану үшін рұқсаттар мен шектер орнату, нақты музыка мен веб-мазмұнға қатынауға тыйым салу, фильмдер мен телешоулар үшін қатынас және рейтинг шектерін көрсету және т.б. үшін пайдалануыңызға болады.
Screen Time жиынтығыңызды қарау
Screen Time параметрін орнатқанда, ол құрылғыңызды пайдалану жиынтығыңызды, соның ішінде қолданбаны пайдалануыңыздың қолданба және санат бойынша бөлінуін құрастыруды бастайды. Жиынтығыңызды көруіңізге және құрылғыларыңызды пайдалану жолдарыңыз және қандай қолданбалардың назар аудартатыны туралы көріністі аласыз.
Screen Time жиынтығыңызды қарау үшін Settings > Screen Time тармағына өтіңіз, одан кейін экранның жоғарғы жағындағы құрылғыңыздың атауын немесе All Devices түймесін (Screen Time түймесінің астында) түртіңіз.
Жиынтығыңыз келесі ақпаратты қамтиды:
Санат бойынша қолданбаларды пайдалануға жұмсаған уақыт мөлшеріңіз (әлеуметтік желі, ойын-сауық, оқу және т.с.с.)
Күннің уақыты бойынша қолданбаны пайдалануыңыздың талдауы
Әрбір қолданбаны пайдалануда қанша уақыт жұмсайсыз және қандай қолданбаларды уақыт шегінен тыс пайдаланғансыз
Сіз алатын хабарландырулар түрлерінің және ең көп хабарландырулар жіберетін қолданбалардың шолуы
Құрылғыңызды қаншалықты жиі қолыңызға алатыныңыз және қайсы қолданбаларды пайдаланатыныңыз—яғни, құрылғыны қолыңызға алғаннан кейін әрбір қолданбаның бірінші болу саны. Screen Time жиынтығында әрбір қолданбаны оның қолданысы туралы қосымша ақпаратты көру үшін түртуіңізге болады.
Өткен аптадағы құрылғыңызды пайдалануыңыздың жиынтығын қарау үшін Last 7 Days түймесін түртіңіз.
Өзіңіз үшін Screen Time параметрін орнату
Screen Time көмегімен қолданбаны пайдалануыңыз үшін рұқсаттар мен шектеулерді орната аласыз. Бұл параметрлерді кез келген уақытта өзгертуіңізге болады.
Settings
> Screen Time тармағына өтіңіз.
Turn On Screen Time түймесін, Continue түймесін, This is My iPhone түймесін түтіңіз, одан кейін келесі әрекеттердің кез келгенін орындаңыз:
Downtime түймесін түртіңіз, Downtime параметрін қосыңыз, Every Day немесе Customize Days параметрін таңдаңыз, одан кейін басталу және аяқталу уақыттарын орнатыңыз. Құрылғыларыңыздан алыс болатын уақытты қажет еткен мерзімдер кезінде қолданбалар мен хабарландыруларды блоктау үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
App Limits түймесін түртіңіз, Add Limit түймесін түртіңіз, одан кейін бір немесе бірнеше қолданба санаттарын таңдаңыз. Next түймесін түртіңіз, одан кейін қолданба пайдалану үшін рұқсат етілген уақыт мөлшерін орнатыңыз. (Әрбір күш үшін уақыт мөлшерін орнатқыңыз келсе, Customize Days түймесін түртіңіз және нақты күндер үшін шектерді орнатыңыз.)
Шектерді орнатуды аяқтаған кезде App Limits экранына оралу үшін Add түймесін түртіңіз.
Көбірек қолданбалар үшін шектерді кез келген уақытта қосуыңызға болады.
Ескертпе: Барлық қолданба шектерін уақытша өшіру үшін App Limits экранында App Limits түймесін түртіңіз. Нақты санатқа шекті уақытша өшіру үшін санатты түртіңіз, одан кейін App Limit түймесін түртіңіз.
Always Allowed түймесін түртіңіз, одан кейін қолданбаны Allowed Apps тізіміне қосу немесе оны одан жою үшін қолданбаның жанындағы
немесе
түймесін түртіңіз. Бұл параметрді кез келген уақытта, тіпті үзіліс кезінде де пайдалана алғыңыз келетін қолданбаларды көрсету үшін пайдаланыңыз (мысалы, төтенше жағдайда).
Content & Privacy Restrictions түймесін түртіңіз, Content & Privacy Restrictions параметрін қосыңыз, одан кейін iTunes Store және App Store сатып алулары, қолданбаны пайдалану, мазмұн рейтингтері және т.с.с. үшін мазмұн рұқсаттарын орнату үшін параметрлерді түртіңіз. Қажет емес мазмұнды блоктау үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Сондай-ақ, өзгертуден бұрын талап етілетін құпия кодты орнатуыңызға болады және iCloud қызметіне бірдей Apple ID идентификаторымен кірген және Share Across Devices параметрі қосылған барлық құрылғыларыңызда Screen Time параметрлеріңіз бен есептеріңізді бөлісе аласыз.
Жанұя мүшесі үшін Screen Time параметрін орнату
Жанұя мүшесінің құрылғысында өздерінің апталық қолданысы туралы есепті алу және iPhone құрылғысындағы және басқа iOS құрылғыларындағы өздерінің қолданбаларын пайдалануы үшін рұқсаттарды орнату үшін Screen Time параметрін Screen орнатуыңызға болады (ата-ана құпия кодымен). Баламалы түрде, Family Sharing параметрін орнатсаңыз, жанұя мүшесі үшін Screen Time параметрін Sharing арқылы орнатуыңызға болады. Жанұя мүшелері үшін Screen Time параметрін орнату бөлімін және Family Sharing және балаңыз үшін Apple ID атты Apple Support мақаласын қараңыз.
Жанұя мүшесі үшін Screen Time параметрін Family Sharing арқылы орнатқаныңызда, жанұя мүшеңіздің апталық есебінің хабарландырулары сіздің құрылғыларыңызда және жанұя мүшеңіздікінде пайда болады. Есепті қарау үшін хабарландыруды түртіңіз.
Жанұя мүшеңіздің құрылғысында Settings
> Screen Time тармағына өтіңіз.
Turn On Screen Time түймесін, Continue түймесін, одан кейін This is My Child’s iPhone түймесін түртіңіз.
Жанұя мүшеңіз үшін тоқтату уақытын жоспарлау үшін (экраннан алыс уақыт) басталу және аяқталу уақыттарын енгізіңіз, одан кейін Set Downtime түймесін түртіңіз.
Басқарғыңыз келетін қолданбалардың санаттарына шектеулер орнату үшін (мысалы, әлеуметтік желі мен ойындар), санаттарды таңдаңыз.
Барлық санаттарды көру үшін Show All Categories түймесін түртіңіз.
Set түймесін түртіңіз, уақыт мөлшерін енгізіңіз, одан кейін Set App Limit түймесін түртіңіз.
Continue түймесін түртіңіз, одан кейін жанұя мүшеңіздің Screen Time параметрлерін басқару үшін ата-ана құпия кодын енгізіңіз.
Жанұя мүшеңізге белгілі бір қолданбаларды кез келген уақытта пайдалануға рұқсат ету үшін (мысалы, FaceTime) Always Allowed түймесін түртіңіз, сұралған жағдайда Screen Time құпия кодыңызды енгізіңіз, одан кейін тізімнен қолданбаны қосу немесе жою үшін
немесе
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Жанұя мүшеңіз денсаулық немесе қолжетімділік қолданбаларын қажет етсе, олардың Allowed Apps тізімінде екенін тексеріңіз. Messages қолданбасына әрқашан рұқсат етілмесе, жанұя мүшеңіз тоқтату уақыты кезінде немесе қолданба шегі біткеннен кейін хабарлар жібере немесе қабылдай алмауы мүмкін (соның ішінде төтенше жағдай нөмірлері мен контактілері).
Мазмұнның жасқа сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін Content & Privacy Restrictions түймесін түртіңіз, Screen Time құпия кодыңызды енгізіңіз, одан кейін Content & Privacy Restrictions параметрін қосыңыз.
Параметрлерді таңдаңыз, одан кейін
түймесін түртіңіз.
Маңызды: Screen Time параметрін жанұя мүшесі үшін олардың құрылғысында орнатсаңыз (Family Sharing арқылы емес) және Screen Time құпия кодын ұмытсаңыз, iPhone құрылғысын iCloud немесе iTunes сақтық көшірмесінен қалпына келтірместен бұрын өшіруіңіз керек. (iPhone құрылғысын қалпына келтіру бөлімін қараңыз.) Дегенмен, Screen Time параметрін жанұя мүшесі үшін Family Sharing арқылы орнатсаңыз және Screen Time құпия кодыңызды ұмытып қалсаңыз, оны құрылғыңызда құрылғыңыздың құпия кодын, Touch ID немесе Face ID идентификаторын пайдаланып қалпына келтіруіңізге болады.
Құрылғыңызды пайдалану есебін алу
Screen Time есебіңізді қарау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Settings
> Screen Time тармағына өтіңіз.
Құрылғыңыздың атауын немесе экранның жоғарғы жағына жақын тұрған All Devices түймесін түртіңіз.
Бүгін үшін жиынтығыңызды көресіз.
Өткен аптадағы пайдалануыңыздың жиынтығын қарау үшін Last 7 Days түймесін түртіңіз.
Пайда болған кезде Screen Time Weekly Report хабарландыруын түрту арқылы жиынтық есебіңізді де қарауыңызға болады. (Хабарландыру Lock экраныңыздан жоғалса, оны Notification Center терезесінде табуға болады. Сонымен қатар, Screen Time үшін виджетті Today View көрінісіне қоса аласыз).