Деректеріңізді жаңа MacBook Air компьютеріңізге тасымалдау
Файлдарыңыз бен параметрлерді басқа Mac компьютерінен немесе компьютерден жаңа MacBook Air компьютеріңізге тасымалдауыңызға болады. Жаңа MacBook Air компьютеріңізді бірінші рет іске қосқанда сізден деректерді басқа компьютерден тасымалдауыңыз керек не керек еместігі сұралады. Баптау процесі кезінде деректерді тасымалдау туралы қосымша ақпарат алу үшін MacBook Air компьютеріңізді орнату бөлімін қараңыз. Деректерді жаңа компьютерден қазір тасымалдағыңыз келсе, төмендегі опциялардың біреуін пайдалануыңызға болады.
Бастамастан бұрын
Алдыңғы компьютеріңіз бен жаңа компьютеріңіздің екеуін де операциялық жүйенің ең соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Mac компьютеріңізді ағымдағы операциялық жүйеңіздің негізінде жаңарту жолы туралы қосымша ақпаратты Mac компьютеріңізді жаңартылған күйде ұстау бөлімінен қараңыз. Ағымдағы операциялық жүйеңізді таңдау және ең нақты нұсқауларды алу үшін міндетті түрде беттің жоғарғы жағындағы мәзірді пайдаланыңыз.
Деректеріңізді сымсыз тасымалдау үшін екі компьютердің де бірдей желіге қосылғанын тексеріңіз.
Деректерді басқа Mac компьютерінен тасымалдау
Migration Assistant көмекшісін деректеріңізді сымды немесе сымсыз желіде немесе ескі және жаңа компьютерлеріңізді Ethernet кабелімен қосу арқылы тасымалдау үшін пайдаланыңыз. Екі Mac компьютерінде де Finder терезесін ашыңыз, Applications тармағына өтіңіз, Utilities қалтасын ашыңыз, одан кейін Migration Assistant түймесін екі рет басыңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сымсыз тасымалдап жатсаңыз, компьютерлерді тасымалдау процесі кезінде бір біріне жақын ұстаңыз. Migration Assistant көмегімен жаңа Mac компьютеріне тасымалдау атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Деректерді компьютерден тасымалдау
Windows Migration Assistant көмекшісін деректеріңізді сымды немесе сымсыз желіде тасымалдау үшін пайдаланыңыз. Windows компьютеріңіз үшін Migration Assistant қолданбасының дұрыс нұсқасын табу үшін Компьютерден Mac компьютеріне Migration Assistant көмегімен тасымалдау атты Apple Қолдау көрсету қызметінің мақаласын қараңыз.
Деректерді сақтау құрылғысынан тасымалдау
Сақтау құрылғысын MacBook Air компьютеріңізге қажет жағдайда сәйкес адаптерді (MacBook Air компьютеріңізге арналған адаптерлер бөлімін қараңыз) пайдаланып қосыңыз. Одан кейін келесі қадамдар үшін Ақпаратыңызды Mac компьютеріңізге басқа компьютерден немесе құрылғыдан тасымалдау бөлімін қараңыз.
Деректерді Time Machine сақтық көшірмесінен тасымалдау
Алдыңғы компьютеріңіздің қатты дискісіндегі контент зақымдалса және оны Time Machine сақтық көшірмесінен қалпына келтіруіңіз керек болса, олай істеу үшін Migration Assistant көмекшісін пайдалануыңызға болады. Сақтық көшірмелеу және қалпына келтіру бөлімін қараңыз.
Қосымша мәліметтер. Ақпаратыңызды Mac компьютеріңізге басқа компьютерден немесе құрылғыдан тасымалдау бөлімін қараңыз.