Дайме

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дайме (жап. дайме әріп. "үлкен есім") - ортағасыр кезінде болған Япониядағы ең ірі феодалдар. Егер Жапонияда самурайлардың дәрежелері жоғары болғанын санасақ, дайме дәрежесі осы самурайлардың ішіндегі ең беделдісі.

Айдзувакамацу жерінің самурайлар үйінде орналасқан қуыршақтар. Мацудайра Катамори атты дайменің өз кеңесшісінің басқару орталығына келуін бейнелейді. 

Сөзді жапон тілінен аударғанда "үлкен есім" деген мағына беріп, биліктің жоғары екендігін көрсетеді.

Алғашқы дайме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ең алғашында олар орталық билікке тәуелді болмаған, бірақ уақыт өте келе олар жинақылық танытып, өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген жерлерді меншіктеп алған. Осы иеліктерге ие болу үшін эбису атты солтүстіктің жергілікті адамдарын ығыстырған. Олар осы уақыттан бастап өз иеліктеріне меншікті самурайлардың әскерін алған.

Өз биліктерін әрі меншікті жергілікті әскердің мүмкіндіктерін арттыра отырып, олар барлық іс-шаралардың нәтижесінде өз қаржылай жағдайларын жақсартып, Сегун Камакура (11851333) кезінде Жапон қоғамындағы ең жоғары дәрежеге жеткен.

Осылайша олар заңды түрде соғыс нәтижесінде жеңіп алған жерлерді меншіктеріне алып, салық жинау арқылы жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізген. Даймелардың вассалдары және табыстары күрт өскен. Олардың салық жинауға құқықтары көп болған. Мысалы, барлық күріш дақылының 20% осы жоғары шеңді адамдарға тиесілі болған, осы ауқымды табыстар қапиталдың қарқынды өсуіне мүмкіндік берген.

Осы уақытта Хосокава, Уэсуги, Такэда, Ямана, Симадзу атты әскери әрі қаржылай қамтамасыз етілген жерлер қалыптастқан.

Эдо кезеңіндегі дайме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Токугава билікке келгеннен кейін, барлық даймелар сегун шеңіне тәуелді болып қалды. Оларға салық төлеуге, әртүрлі жұмыстарды жасау үшін адамдар бөлуге тура келді. Барлығы да Токугава басшының қарамағында болды. Дайме атағын тек қана табысы 10 мың. коку болатын феодалдар ғана иелене бастады.

Токугава әулетінің 250-270 дймелардың ішінде ең бай адамдар Кага ауданының феодалдары болды, олардың табысы 1,3 млн. Коку. Симадзу және Кюсю деген көне рулық-тайпалардың табысы 730 мың коку болды. Соңғы рет иеліктерді бөлуді Токугава сегун өткізген болатын.

Токугава қосымша сақтық іс-шараларын ұйымдастырды, тұтқындарды ұстаған, бірақ заңды түрде тыйым салған батыс адамдарына қарағанда, жапон самурайлары үшін құлдыққа адам алу қарапайым іс еді, ал Иэясу осы жағдайды барлық даймеларға қатысты басқару саясаты қылды. Мәселе «санкин котай» дәстүрі жайлы қозғалды, осыған сәйкес даймелар әр 2-інші жылын сегун сарайында өткізуге міндетті болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]