Дунай
Дунай | |
---|---|
Дунай | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 2960 км |
Су алабының ауданы |
817 000 км² |
Су алабы | Қара теңіз |
Су шығыны | 6700 м³/с |
Су ағысы | |
Бастауы | Шварцвальд |
• Биіктігі | 678 м |
• Координаттары | 47°57′04″ с. е. 8°31′14″ ш. б. / 47.95111° с. е. 8.52056° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қара теңіз |
• Биіктігі | 0 м |
• Координаттары | 45°13′19″ с. е. 29°44′36″ ш. б. / 45.22194° с. е. 29.74333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°13′19″ с. е. 29°44′36″ ш. б. / 45.22194° с. е. 29.74333° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Дунай бассейні | |
Ел | Германия Аустрия Словакия Мажарстан Хорватия Сербия Болгария Румыния Молдова Украина |
Ортаққордағы санаты: Дунай |
Дунай (нем. Donau , маж. Duna, xорв. Dunav, чех. Dunaj, рум. Dunarea) — Батыс Еуропадағы ең ірі өзен.
Сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұзындығы 2850 км, су жиналатын алабы 817 мың км². Шварцвальд тауы (Германия) маңындағы Донауэшинген қаласының жанынан Брег және Бригах өзендері қосылған жерден бастау алып, Қара теңізге құяды. Дунай Германия, Аустрия, Болгария, Мажарстан, Румыния, Словакия жерімен, аздаған бөлігі Чехия, Словения, Хорватия, Швейцария, Италия, Польша, Украина, Молдова жерімен ағып өтеді. Жоғары ағысында (Венаға дейін) Бавар таулы үстіртінің шетімен, Чех массиві мен Шығыс Альпі аралығында тар әрі терең аңғармен ағады. Арнасының ені Ульм қаласына (Германия) дейін 20 — 100 м, одан төменде 100 — 350 м. Бұл бөлігінде Дунайға Альпідегі мұздықтардан бастау алатын көптеген мол сулы салалар қосылады. Орта ағысында (Венадан “Темір қақпа” шатқалына дейін) Орта Дунай ойпатын басып өтеді. Жазыққа шыққаннан кейін өзеннің аңғары кеңейеді (5 — 20 км), ағыны баяулайды.
Карпат тауларының тұсында өзен “Темір қақпа” деп аталатын тар шатқалдан өтеді. Төмен Дунай ойпатында өзен арнасы жайылып (кей жерлерде ені 1 — 2 км-ге жетеді) тарамданады. Қара теңізге құяр атырауында Дунай арнасы үш тармаққа бөлінеді. Көп жерінде Дунайдың жағасы дамбымен бекітілген. Көктемде ұзақ тасиды, жаздың 2-жартысында деңгейі төмендейді, күзгі жаңбырдан кейін тасқындар өтеді, қайта сабасына түседі. Орташа жылдық су ағыны сағасында 6430 м³/с. Қыс қатты болған жылдары ғана 1 — 1,5 айға қатады.
Салалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дунайдың 300-ден астам саласы бар. Ең ірі салалары: оң жағында — Инн, Драва, Сава, Морава (Сербия), сол жағында — Морава (Чехия), Тиса, Олт, Сирет және Прут.
Маңыздылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дунай орталық және оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің көлік байланысында маңызды орын алады. Ульм қаласынан атырауына дейін кеме қатынайды. Рейн өзеңі жүйесімен кеме жүретін каналмен байланысқан. Дунай және оның салалары электр энергиясын өндіруге, қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын сумен жабдықтауға, жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Төмен ағысында балық ауланады. Дунай бойындағы ірі қалалар: Регенсбург (Германия), Линц, Вена (Австрия), Братислава (Словакия), Будапешт (Венгрия), Нови-Сад, Белград (Югославия), Русе (Болгария), Брэнла, Галац (Румыния), Измаил (Украина).[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|