Алабама
АҚШ штаты | |||||
Алабама штаты | |||||
| |||||
Штат ұраны |
лат. Audemus jura nostra defendere | ||||
Штат лақапаты |
Yellowhammer State (Сары Балға штаты); Heart of Dixie (Дикси жүрегі/Оңтүстіктің жүрегі); Cotton State (Мақта штаты) | ||||
Монтгомери | |||||
Ең ірі қаласы |
Бирмингем | ||||
Тұрғыны |
4 802 740 (2011 жыл) 23−орын (АҚШ б-ша) | ||||
- тығыздығы |
35,38 адам/км² | ||||
30−орын | |||||
- барлығы |
135 765 км² | ||||
- су беті |
(3,19 %) | ||||
- ендік |
30°13' с. е. бойынша 35°00' с. е., 305 км | ||||
- бойлық | 84°51' б. б. бойынша 88°28' б. б., 531 км |
||||
Теңіз деңгейінен биіктігі |
|||||
- максимал биіктігі | 735,5 м | ||||
- орташа биіктігі | 150 м | ||||
- минимал биіктігі |
0 м | ||||
Штат статусын иеленуі |
14 желтоқсан 1819 жылы 22 ретпен | ||||
- штат болмай тұрып |
Алабама Территориясы | ||||
Губернаторы |
Кэй Айви | ||||
Вице-губернаторы |
Уилл Эйнсуорт | ||||
Заң шығару органы |
Алабама Легислатурасы | ||||
- жоғарғы палатасы | Алабама сенаты | ||||
- төменгі палатасы | Алабама өкілдер палатасы | ||||
Сенат мүшелері |
Кэти Бритт Томми Табервилл | ||||
Тынықмұхиттық уақыт: UTC-6/-5 | |||||
AL, Ala., US-AL | |||||
Ресми сайты: |
http://www.alabama.gov/ | ||||
|
Алабама (ағылш. Alabama /æləbæmə/) — штат, Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-шығысында орналасқан. Штат солтүстігінде Теннесси штатымен, шығысында Джорджия штатымен, оңтүстігінде Флорида штатымен және Мексика шығанағымен және батысында Миссисиппи штатымен шекараласады. АҚШ штаттарының ішінде Алабама жер көлемі бойынша 30-орынға кіреді және ішкі сулар жолы ұзындығы бойынша екінші орында[1]. Штаттың ауданы 135 765 км². Алабама штаты АҚШ штаттарының халық саны бойынша 23-орын иеленеді — тұрғыны 2011 жылғы жағдаймен 4 802 740 адамға жеткен.
Штата астанасы — Монтгомери қаласы (1861-65 жылдардағы АҚШ-тың азаматтық соғысы уақытында Монтгомери 1861 жылы 4 ақпан-нан 29 мамыр аралығында бүлікші штаттардың астанасы болды). Ірі қалалары — Бирмингем, Мобил, Хантсвилль. Штат мәртебесін 1819 жылы алды (22-штат). Ресми лақап аты — «Оңтүстіктің жүрегі».
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алабама жер аумағы 135 765 км². Мехсика шығанағы жағасында орналасқан және штатта Миссисири өзені ағып өтеді. Штаттың солтүстік-шығысында Аппалач тауылары алып жатыр, онда штаттың ең биік нүктесі — Чиха тауы (теңіз деңгейінен 735 м жоғары) орналасқан. Штаттың 67 %-ке жуық территориясын орман алып жатыр. Штат территориясында АҚШ-тың тағы бір әдемі өзен — Кахаба өзені ағып өтеді.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Климат Алабама климаты мұхиттық суптропиктік, орташа жылдық температурасы районның үлкен бөлігінде 18 °С-қа жуық. Қысы әжептәуір жұмсақ, қаңтар айының орташа температурасы Мобилде 4 °С-тан Монтгомериде 0 °С-қа дейін өзгереді. Жазы өте ыстық, жаздың орташа температурасы жекелеген өңірлерде 32 °С-қа дейін көтеріледі. Алабамада қар сирек жауады, тек қана солтүстіктегі Монтгомериде қыста бірнеше рет жауады. Штаттың барлық территориясыда жауын-шашын мол түседі. Жауын-шашын ның жылдық деңгейі 1400 мм шамасында. Алабама Мехсика шығанағының тропикалық циклон және дауыл зонасы әсерінде орналасқан. Канзаспен бірдей елдің басқа штаттарындағы ең күшті F5 санатты торнадо Алабамада байқалады.
Демографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]АҚШ халық санағы бюросының дерегі бойынша 2011 жылдың 1 маусымында Алабама халқы 4 802 740 адам; 2010 жылғы санақпен салыстырғанда 0,48 %-ке өскен.[2] 2010 жылғы мәлімет бойынша штаттың халқының 18 жасқа дейінгі үлесі 25,3 %; 65 жастан жоғарғылар үлесі — 13 %. Әйелдер үлесі — 51,7 %; еркектер — 48,3 %.
2010 жылғы санақ бойынша штаттың нәсілдік үлесі келесідей: ақ нәсіл (68,5 %), афроамерикандықтар (26,2 %), байырғы америкалықтар — үндістер (0,6 %), азиялықтар (1,1 %), гавайлықтар және мұхиттық аралдардың байырғы халықтары (0,1 %), басқа нәсілдер (2 %), екі және одан көп нәсілділер немесе аралас нәсілдер — мулаттар, метистер (1,5 %). Ақ нәсілді халықтар негізгі рөлде ағылшын, ирланд және неміс тектілер. 2000 жылдағы санақ бойынша Алабама халқының 96,7 %-і ағылшын тілінде сөйлейді, 2,2 % — испанша; 0,4 % — немісше; 0,3 % — французша (француз креольшасын қоса алқанда) және 0,1 %-ке жуығы — қытайша сөйлейді. 108,000 адам штат аумағынан шетте туғандар (штат халқының 2.4%-і), олардың жуық шамамен 22.2%-і заңсыз иммигранттар (24,000).
Спорты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Командалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Клуб | Қала | Спорт | Лига | Спорт сарайы |
---|---|---|---|---|
Алабама Хаммерс ағылш. Alabama Hammers | Хунтсвиль | америка футболы | Southern Indoor Football League | Вон Браун Центер ағылш. Von Braun Center |
Бирмингем Баронс ағылш. Birmingham Barons | Хоовер | Бейсбол | Southern League | Регионс Парк ағылш. Regions Park |
Бирмингем Саберс ағылш. Birmingham Sabers | Бирмингем | Баскетбол | Континентал Баскетбол Лигасы ағылш. Continental Basketball League | Алтамонт мектебі ағылш. Altamont School |
Диксие Дерби Гирлс ағылш. Dixie Derby Girls | Хунтсвиль | ағылш. Roller derby | Women's Flat Track Derby Association | Вон Браун Центер ағылш. Von Braun Center |
Хунтсвиль Хавос ағылш. Huntsville Havoc | Хунтсвиль | Хоккей | Солтүстік Кәсіби Хоккей Лигасы ағылш. Southern Professional Hockey League | Вон Браун Центер ағылш. Von Braun Center |
Хунтсвиль Старс ағылш. Huntsville Stars | Хунтсвиль | Бейсбол | Southern League | Жое. У. Давис Статионы ағылш. Joe W. Davis Stadium |
Мобиль БейБеарс ағылш. Mobile BayBears | Мобиль | Бейсбол | Southern League | Ханк Аарон Стадионы ағылш. Hank Aaron Stadium |
Мобиль Бей Хурриканес ағылш. Mobile Bay Hurricanes | Мобиль | Баскетбол | Америка Баскетбол Ассоцациясы | Давидсон Жоғарғы мектебі ағылш. Davidson High School |
Монтгомери Бискуитс ағылш. Montgomery Biscuits | Монтгомери | Бейсбол | Southern League | Монтгомери Римеруалк Стадионы ағылш. Montgomery Riverwalk Stadium |
Рокет Сити Юнайтед ағылш. Rocket City United | Мадисон | Футбол | National Premier Soccer League | Мадисон Сити Скулс Стадионы ағылш. Madison City Schools Stadium |
Теннессии Валлей Тайгерс ағылш. Tennessee Valley Tigers | Хунтсвиль | Америка футболы | Independent Women's Football League | Милтон Фрейнк Стадионы ағылш. Milton Frank Stadium |
Трейгис Сити Роллерс ағылш. Tragic City Rollers | Бирмингем | Roller derby | Women's Flat Track Derby Association | Замора Шрин Темпл ағылш. Zamora Shrine Temple |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Annual Estimates of the Resident Population for the United States, Regions, States, and Puerto Rico: сәуір 1, 2010 to шілде 1, 2011 (CSV). 2011 Population Estimates. АҚШ халық санағы бюросы, Population Division (желтоқсан 2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 ақпан 2012. Тексерілді, желтоқсан 21, 2011.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Alabama.gov – Official State Government Website
- Алабама — толығырақ ақпарат
- Алабама фотолары Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.
- Alabama State Guide, from the Library of Congress
- Alabama Association of Regional Councils
- Energy Data & Statistics for Alabama- From the U.S. Department of Energy Мұрағатталған 9 қаңтардың 2011 жылы.
- TourAlabama.org – Alabama Department of Tourism and Travel
- All About Alabama Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2017 жылы., at the Alabama Department of Archives and History
- AlabamaMosaic, a digital repository of materials on Alabama's history, culture, places, and people
- Code of Alabama 1975 – at the Alabama Legislature site
- Alabama DMOZ каталогында
- USGS real-time, geographic, and other scientific resources of Alabama Мұрағатталған 6 қаңтардың 2007 жылы.
- Alabama QuickFacts Мұрағатталған 10 қыркүйектің 2012 жылы. from the U.S. Census Bureau
- Alabama State Fact Sheet Мұрағатталған 26 маусымның 2012 жылы. from the U.S. Department of Agriculture
|