Аполлодор
б. э. II ғасырындағы аса ірі Рим сәулетшісі әрі әскери инженері. Рим мен Империяның түрлі қалаларында жұмыс істеді. Император Траянның дакийлық тайпаларға жорығы кезінде Дунайға ағаш аркалармен жалғастырылып, жиырма тас бағана тіреп тұратын ұзындығы 1 км көпір салды: сол көпірдің бейнесі әйгілі Траян колон- насының бедерлерінде сақталған. Аполодор творчествосында римдік сәулет өнерінің тамаша жетістіктері ерекше айқын көрінісін тапты. Сәулетшінің атақты екі туындысы — Траянның орасан зор форумы (109—113) мен ежелгі дүниенің аса ұлы күмбезді ғимараты — император Адрианның (120—125) Пантеоны қайталанбас кемелдігімен көзге түсті.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|