Бамако

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Бамако
фр. Bamako
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Мали

Мэр

Adama Sangaré

Тарихы мен географиясы
Координаттары

12°38′45″ с. е. 7°59′32″ б. б. / 12.64583° с. е. 7.99222° б. б. / 12.64583; -7.99222 (G) (O) (Я)Координаттар: 12°38′45″ с. е. 7°59′32″ б. б. / 12.64583° с. е. 7.99222° б. б. / 12.64583; -7.99222 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

252 км²

Орталығының биiктігі

350 м

Уақыт белдеуі

UTC-0

Тұрғындары
Тұрғыны

1 809 106 адам (2009)

Тығыздығы

7178,99 адам/км²

ville-bamako.org

Бамако картада
Бамако
Бамако

Бамако (фр. Bamako) — Мали Республикасының астанасы (1960), Нигре өзенінің сол жағасында Малидің оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Халқы - 1 809 106 адам (2009). Темір жол стансасы, Тас жолдар торабы, ірі аэропорт.

Елдің өнеркәсіп және сауда орталығы. Бамакодағы жылу электр орталығы мен Сотуба СЭС-і Малиде өндірілетін барлық электрэнергияның 85 %-ін береді. Жеміс және минералды сусындар зауыты, пластмасса бұйымдар жасайтын зауыт, шырпы фабрикасы т.б. кәсіпорындары бар. Майдагерлік кәсіпшілік дамыған (қолдан мата тоқу, ағаш пен піл сүйегінен, күмістен әсем бұйымдар жасау, тері өндеу). Бамаконың әкімшілік мекемелері және бұрынғы президент сарайы қала сыртында (3 км) Кулуба тауында орналасқан[1].

Субэкваторлық және тропикалық климат, жылдық орта температурасы +25°С-дан түспейді. Ең ыстық айлары - наурыз, сәуір, мамыр, бұл кезде орта температура 38-39° С, Салқын айлары - қараша, желтоқсан, қаңтар. Жылдық орташа жауын-шашын - 880 мм, жауын-шашынның бәрі мамыр мен қазанның арасында болады. желтоқсан мен ақпан аралығында жауын-шашын болмайды[2],[3],[4].

Әкімшілік бөлінуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала 6 коммунаға бөлінеді:

Коммуна Халқы,[5]
чел. (2009)
Ауданы,
км²
Коммуна I 335 407 35,0
Коммуна II 159 805 18,3
Коммуна III 128 872 20,7
Коммуна IV 300 085 42,0
Коммуна V 414 668 42,0
Коммуна VI 470 269 87,0
Totale 1 809 106 245,0

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том
  2. [1]
  3. World Climate Мұрағатталған 3 наурыздың 2016 жылы.
  4. Weatherbase
  5. Результаты переписи населения 2009 ж. (INSTAT-Institut National de la Statistique). Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 мамыр 2013.