Василий Иванович Суриков
Василий Иванович Суриков(24.1.1848, Красноярск,-19.3.1916, Мәскеу)- орыс кескіндемешісі, кескіндеме академигі (1895), Петербург Көркемсурет академиясының толық мүшесі(1893).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1869-1875 ж. Петербург Көркемсурет академиясында П.П.Чистяковтан оқыды. 1869-1876 ж. Петербургте, 1877 жылдан Мәскеуде тұрды. 1881 жылдан передвижниктер мүшесі. Суриков шәкірттік кездерінде- ақ шығармаларына жаңа реалисттік шешім іздеп, рахи жанрдағы картиналарға («Князь соты», 1874, Мәскеу, Третьяков галереясы) бой ұрды. «Ұлы Петрдің Сібірге ықпалы жайлы картиналар» (1872, Третьяков галереясы) атты суреттер топтамасында халық образы басты тұлғаға айналды. Мәскеуге келгеннен кейін тарихи ауыр шындықты шынайы дажан-жақты баяндайтын «Атқыштар жазаланған таң» (1881), «Меньшиков Березовада» (1883), «Бояр әйел Морозова» (1887, бәрі Третьяков галереясы) атты әйгілі монументті картиналарын салды. Суриковтың халық тарихн, тағдырдың тәттілігі мен тауқыметін, биязы сұлулықты, орыс жауынгерлерінің қахармандығын толғайтын картиналары («Қарлы қалашықты алу», 1891; «Ермактың Сібірді басып алуы»; 1895; «Суворовтың Альпы тауынан асуы», 1899; «Степан Разин», 1903-1907 ,1909-1910; бәрі Орыс музейінде) дүниежүзілік бейнелеу өнері тарихына жаңа бір бағыт алып келді әрі халық өнерде тұңғыш рет тарихтың қозғаушы күші ретінде тұлғаланады. Мәскеудегі көркемсурет институтында Суриков есімі берілген. Красноярскіде Суриков музей-үйі жұмыс істейді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 450 бет