Мазмұнға өту

Майка

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Майка (іш көйлек)—42 размер. Синтетикалық жіптің салмағы (2 қабатталады) 80 г. Шалу өлшемі: 1 см — 3,8 шалу; 1 см =5,4 қатар. Негізгі түрі 2X1 резинкаша жиырыл тоқылады, яғни әр үшінші ине жоғарғы рельске жылжытылған. Майканың арқасы ашық, арқасында айқасатын ұзын баулары бар. Шұлықтық тоқумен өңдейді.

Жұмыс қалпына 92 инені қойып, сосын әр үшінші инені төменгі рельске түсіреді. Шалулар теріл алып 15 қатар тоқиды, қайырыл тағыда 43 қатар тоқиды. Сосын ортасынан шеттеріне қарай 3 қатар оттатыл тоқыма басында төмен түсірілген инелерді жұмыс қалпына келтіреді. Осылайша әр жолақ бедерлі саңылаулармен аяқталады. Тағы 43 қатар тоқылған соң төмендегідей етіп қосымша тоқиды; екінші бөліктің жарты инесін жоғарғы рельске жылжытып, артқы бойдың ортасынан 1 рет 16 ине, 6 рет 4 ине 1 рет 3 ине жылжытады. Барлық инелерді жұмыс қалпына келтіріп, 1 қатар тоқиды, каретканы тағы осындай қосымша тоқу үшін қарама-қарсы жаққа жылжытады. Шеттен 30 инені жұмыс қалпына келтіріп, орталыққа қарай 1 қатар және қосымша жіппен бірнеше қатар тоқиды. Тоқыманы машинадан босатыл, оң бетін өзіне қаратыл, шалуларды көршілес оң жақтағы инелерге ауыетырады. Бос инелерді төменгі рельске түсіреді. Осылайша 28 қатар тоқып, бірінші қатардың шалуларын инеге іліп қайырады. Төменге түсірілген инелерді жұмыс қалпына қайтарыл, 4 қатар тоқып, қосымша жіппен аяқтайды.

143 инені жұмыс қалпына қояды. Әр үшінші инені төменгі рельске түсіріп, шалулар терін алған соң 15 қатар тоқиды, қайырады, тағы 88 қатар тоқып, сосын бүйірлен орталыққа қарай 3 қатар аттатып төменге түсірілген инелерді жұмыс қалпына келтіреді. Содан кейін 104 қатар тоқыған соң тоқыманың шет-шетін жинақтап 18 рет қатар аттатып және 20 рет 3 қатар аттатып 1 шалудан қысқарта беру керек. Жұмыс қалпында 67 ине қалғанда қосымша жіппен бірнеше қатар тоқып, шалуларды босатыл, өзіне тоқыманың оң бетіне қаратыл, шалуларды инеге қайта ілу керек. Алдының жоғарғы жиегін артқы бой сияқ-тандырып өңдейді. Алдының бүйір жақтары-ның өңдеу және осы мезгілде ұзын бау жасау үшін жұмыс қалпына 203 инені қойып (немесе 200 инені) 50 инеге оң жағынан шеттерінен алдының бүйірлерінің

түйін аралық шалуларын іледі, қалған шалуларды қосымша жіппен теріл, бірнеше қатар тоқиды және негізгі жіппен 3 қатар тоқиды. Барлық инелерді жұмыс қалпына келтіріп, 1 қатар тоқиды да, әр үшінші инедегі шалуды тоқырай соң, алғашқы қатарлық шалуларын іліп қайырады. Төменге түсірілген инелерді жұмыс қалпына қайырыл, 4 қатар тоқиды да, қосымша жіппен бітіреді.бүйір жақтарын және артқы бойдағы ашық (алдының ортасынан) жоғарғы рельске 6 рет шалуларын бекітеді. Баудағы жолақтар 4 инеден, 3 рет 5 инеден жылжытып, шеттеріндегі ашық шалуларды өзара содан кейін инелерді жұмыс қалпына кері көлденең трикотаж тігісімен біріктіреді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9