Падан жазығы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Падан жазығы немесе Падан-Венеция жазығы немесе Ломбардия жазығы (итал. Pianura Padana немесе итал. Val Padana) — Альпі, Апеннин таулары және Адрия теңізі аралығындағы аллювийлік қалың тұнбалармен толған тектоникалық ойыс. Биіктігі 100 м, ұзындығы 500 км, ені 200 км (шығысында). Орталық бөлігі — По өзенінің аңғары. Тауға жақындаған сайын рельефі күрделене биіктігі 200—500 км-ге дейін көтеріледі Шығыс бөлігіндегі По өзенінің атырауындағы лагуналардың көпшілігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Солтүстік, батыс және оңтүстік бөліктерін емен орманы, жүзімдік алып жатыр; қалған жерлері түгелдей жыртылған (бидай, жүгері, күріш егістігі). Падан жазығы— Италияның негізгі өнеркәсіптік ауданы. Ірі қалалары — Милан, Венеция, Падуя, Болонья.