Шафиғи мазһабы
Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Шафиғи мазһабы — негізін имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи қалаған мазһабты ұстанушылар. 8-9 ғасырларда пайда болған. Мазһабтың негізін салушы Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафиғи (767 — 820). Бағдат пен Меккеде тәуелсіз муджтаһид ретінде қызмет етті. Оның негізгі шығармалары: жеті томдық фиқһ негіздері жайлы «Китаб әл-умм», хадистер жинағы, хадистерді салыстыру туралы «Ифтилах әл-хадис», құқық негіздері (усуль әл-фиқһ) жайлы «Рисала фи илм әл-усул». Шафиғи мазһабы бітімшіл, басқаша айтқанда ханафилік және мәлікшілдік мазһабтардың қағидаларын қабылдай отырып, солардың ықпалымен қалыптасқан. Оның негізгі принциптері бойынша Құран мен Сүннет біртұтас түпнұсқа ретінде қарастырылады: сүннет Құранды толықтыратын қосымша, ал ижмағ Құран мен Сүннетке қосымша. Мәлікшілдер мазһабынан шешімді қоғамдық мақсаттың пайдасына шығару принципі алынып, ол еркін тұжырым жасау немесе өздігінен құқықтық түпнұсқа болып саналмайтын ғұрып өлшемдері негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Осылайша ханафилік мазһабпен салыстырғанда шафиғи мазһабы тура ұқсату жолымен (қияс) шешім қабылдауды мойындай отырып, күрделі логикалық талдауды айналып өтуге жағдай жасады. Ал мәлікшілдік мазһабынан өзгешелігі шафиғишілер Құран мен Сүннет текстерімен бірге мединелік қауымдастықтың құқықтар жинағын егжей-тегжейлі білуді талап еткен жоқ. Өйткені мұны білу фақиһтердің көпшілігі үшін мүмкін емес болатын. Өзінің қарапайымдылығына байланысты шафиғишілер мазһабы Сирия мен Иракта ханафилік және мәлікшілдік мазһабты тез ығыстырып шығарып, Мысырда берік орнықты, басқа елдерге де тез таралды. Қазіргі кезде шафиғишілер Сирияда, Ливанда, Палестина мен Иорданиядағы басым мазһаб болып саналады. Иракта, Пәкістанда, Үндістанда оны жақтаушылар көп.[1][2]
Таралу аймағы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Мазһабтар географиясы
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |