Шығыс
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Шығыс — Жер планетасының өз бетімен айналу бағыты және көкжиектің негізгі төрт тұсының бірі.
Мағынасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыстағы бағдар солтүстік пен оңтүстік бағытта, яғни Жердің географиялық бағандарына, батысқа қарай қарама-қарсы бағыттарға перпендикуляр. Шығыс бағыты геодезиялық азимутта + 90 °,ал астрономиялық -90 ° тең.
Күн мен түн теңескен күндері таң кезінде күн тура шығыстан шығады. Бастапқыда, ең алдымен, бұл сөз «күншығыс» дегенді білдірген, уақыт өте келе мағынасы көбейе түсті.
Белгіленуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығыстың ресейлік белгісі B,қазақша белгісі Ш, халықаралық белгісі - Е (East сөзінен).Тұсбағар құралында Е әріпімен белгіленеді. Қазіргі карталарда шығыс әдетте оң жақта болады.