Шөлейт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шөлейт – аридтік климат жағдайында қалыптасатын ландшафт түрі. Далаға және шөлге тән өсімдік түрлері аралас кездеседі. Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай, субтропиктік және тропиктік белдеулерінде таралған. Шығыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Каспий ойпатының батысынан Ордостың (Қытай) қиыр шығысына дейінгі 10 мың км-ге созылған; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Сахарада, Оңтүстік және Оңтүстік-батыс Африкада, Арабия түбегінде, Кіші Азия мен Иран таулы қыратында, Үнді алабында, Австралияның ішкі бөлігінде кездеседі. Батыс жарты шардың қоңыржай белдеуінің Шөлейті – Сеңгір таулардан шығысқа қарай 1300 км-ден астам алқапты қамтиды; субтропиктік және тропиктік белдеулердегі Шөлейт – Колорадо үстіртінде, Үлкен алапта, Мексика таулы қыратында, Анд тау¬ларынан шығысқа қарай жатқан бөлігінде қалыптасқан. Шөлейтте климат өте қуаң, булану жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артық болады. Жер беті суы мардымсыз. Ағын суы шағын өзен мен жылғалардан тұрады. Ащы сулы шағын көлдер көп. 2 м тереңдікте грунт суы кездеседі. Шөлейт бедері адырлы, құм бұйратты келеді. Қоңыржай белдеудегі Шөлейтте борпылдақ жыныстар шоғыры, субтропиктік, тропиктік шө¬лейттерде карбонатты берік жабындылы, қатты бедер пішіндері басым. Топырағы бозғылт қызыл қоңыр. Өсімдік жамылғысы ылғал тапшылығына төзімді шөп және бұта түрлерінен тұрады. Қоңыржай белдеу Шөлейтнде боз, бетеге, еркекшөп, жусан, қараған, Австралияның субтропиктік Шөлейтнде спинифекс, эвкалипт, т.б. өседі. Жануарлар дүниесінде пржевальский жылқысы, құ-лан, бөкен, кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері, т.б. кездеседі. Мал ш-нда Шөлейттің жайылымдылық маңызы зор; қала Шөлейт белдемі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]