Мазмұнға өту

Pixar Animation Studios

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Pixar Animation Studios
Түрі

Buena Vista Motion Pictures Group (Disney) еншілес компаниясы

Биржадағы листингі

NASDAQ: PIXR

Құрылды

1986

Орналасуы

 АҚШ, Калифорния

Басты адамдары

Элви Рей Смит
Эд Кетмелл
Стив Джобс
Джон Лассетер

Саласы

компьютерлік анимация

Өнімі

RenderMan, Marionette

Басшы компания

The Walt Disney Company

Сайты

Pixar.com

Pixar Animation Studios (Пиксар Энимэйшн Студиос) немесе Pixar — компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. АҚШ, Калифорнияда орналасқан.

Pixar студиясын өзінің «Жұлдызды соғыстар» еңбегі табысты болған соң Джордж Лукас 1979 жылы құрды (ол кезде студия «The Graphics Group» деп аталды да Lucasfilm кинокомпаниясының компьютерлік бөлімшесі болды).

1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны Pixar деп атауды ұсынды.

2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7,4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disneyдің алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.

«Ойыншықтар хикаясы», «Ойыншықтар хикаясы 2», «Фликтің шытырман оқиғалары», «Монстрлар корпорациясы» және «Немоны іздеу» туындылары 2,5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, Pixar студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.

Mультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, Pixar үшөлшемді компьютерлік графика саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Pixar RenderMan қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. RenderMan — жоғарысапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама «Титаник», «Матрица», «Сақиналар әміршісі» және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған.

Бас директоры — Эд Кетмелл, ал креатив бөлімін Джон Лассетер басқарады.

Студия еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Толықметражды анимациялық фильмдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақша атауы Ағылшынша атауы Әлемдік премьера күні Бюджеті, $ Жинауы, $
1
«Ойыншықтар хикаясы»
Toy Story
22 қараша 1995
30 млн
373 554 033
2
«Фликтің шытырман оқиғалары»
A Bug’s Life
25 қараша 1998
120 млн
363 258 859
3
«Ойыншықтар хикаясы 2»
Toy Story 2
24 қараша 1999
90 млн
497 366 869
4
«Монстрлар корпорациясы»
Monsters, Inc.
2 қараша 2001
115 млн
577 425 734
5
«Немоны іздеу»
Finding Nemo
30 мамыр 2003
94 млн
940 335 536
6
«Суперотбасы»
The Incredibles
5 қараша 2004
92 млн
633 019 774
7
«Көліктер»
Cars
9 маусым 2006
120 млн
462 216 280
8
«Рататуй»
Ratatouille
29 маусым 2007
150 млн
620 702 951
9
«ВАЛЛ-И»
WALL-E
27 маусым 2008
180 млн
533 281 433
10
«Жоғары»
Up
29 мамыр 2009
175 млн
735 099 082
11
«Ойыншықтар хикаясы 3»
Toy Story 3
18 маусым 2010
200 млн
1 066 969 703
12
«Көліктер 2»
Cars 2
24 маусым 2011
200 млн
562 110 557
13
«Батыл жүрек»
Brave
22 маусым 2012
185 млн
538 983 207
14
«Монстрлар университеті»
Monsters University
21 маусым 2013
200 млн
743 559 607
15
«Ойжұмбақ»
Inside Out
19 маусым 2015[1]
175 млн
857 611 174
16
«Мейірімді динозавр»
The Good Dinosaur
25 қараша 2015[2]
200 млн
332 207 671
17
«Дориді іздеу»
Finding Dory
17 маусым 2016[2]
200 млн
1 028 570 889
18
«Көліктер 3»
Cars 3
16 маусым 2017[3]
175 млн
383 930 656
19
«Коконың құпиясы»
Coco
22 қараша 2017[3][4]
175 млн
807 082 196
20
«Суперотбасы 2»
The Incredibles 2
15 маусым 2018
200 млн
1 242 805 359
21
«Ойыншықтар хикаясы 4»
Toy Story 4
21 маусым 2019
200 млн
1 073 394 593
22
«Алға»
Onward
6 наурыз 2020
200 млн
141 946 315
23
«Жан»
Soul
25 желтоқсан 2020
150 млн
121 903 885[5]
24
«Лука»
Luca
18 маусым 2021
100 млн
49 750 471
25
«Қызарып барамын»
Turning Red
10 наурыз 2022
175 млн
20 122 621
26
«Базз Лайтер»
Lightyear
17 маусым 2022
200 млн
226 105 122
27
«Элементарно»
Elemental
16 маусым 2023
200 млн
493 307 289
28
«Ойжұмбақ 2»
Inside Out 2
14 маусым 2024[6]
200 млн
1 629 833 909

Болжалды фильмдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақша атауы Ағылшынша атауы Әлемдік премьера күні Бюджеті, $ Жинауы, $
29
«Элио»
Elio
13 маусым 2025[7][8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Dickey, Josh. L. Pixar celebrates Dia de los Muertos  (ағыл.). Variety (24 April 2012). Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 маусым 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 сәуір 2012.
  2. a b McClintock, Pamela. Pixar's 'The Good Dinosaur' Pushed Back Nearly 18 Months After Losing Director  (ағыл.). The Hollywood Reporter (18 September 2013).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 21 қыркүйек 2013.
  3. a b Студия Disney обнародовала даты релизов до 2020 года  (орыс.). Кинобизнес сегодня (9 октября 2015).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 10 қараша 2015.
  4. Douglas, Edward; Lesnick, Silas. D23: Pixar Animation Presents New Footage from Upcoming Slate  (ағыл.). ComingSoon.net (14 August 2015).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 16 тамыз 2015.
  5. Soul.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 маусым 2022.
  6. Disney's Live-Action 'The Little Mermaid' to Open on Memorial Day Weekend in 2023 (10 қыркүйек 2021).
  7. Walt Disney Studios postpones release of Snow White, Elio  (ағыл.) (28 October 2023). Тексерілді 28 қазанның 2023.
  8. Disney Delays ‘Snow White’ and ‘Elio’ a Year, Removes Jonathan Majors’ ‘Magazine Dreams’ From Calendar, The Hollywood Reporter (27 қазан 2023).