Pixar Animation Studios

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Pixar Animation Studios
Түрі

Buena Vista Motion Pictures Group (Disney) еншілес компаниясы

Биржадағы листингі

NASDAQ: PIXR

Құрылды

1986

Орналасуы

 АҚШ, Калифорния

Басты адамдары

Элви Рей Смит
Эд Кетмелл
Стив Джобс
Джон Лассетер

Саласы

компьютерлік анимация

Өнімі

RenderMan, Marionette

Басшы компания

The Walt Disney Company

Сайты

Pixar.com

Pixar Animation Studios (Пиксар Энимэйшн Студиос) немесе Pixar — компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. АҚШ, Калифорнияда орналасқан.

Pixar студиясын өзінің "Жұлдызды соғыстар" еңбегі табысты болған соң Джордж Лукас 1979 жылы құрды (ол кезде студия "The Graphics Group" деп аталды да Lucasfilm кинокомпаниясының компьютерлік бөлімшесі болды).

1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны Pixar деп атауды ұсынды.

2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7,4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disneyдің алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.

"Ойыншықтар хикаясы", "Ойыншықтар хикаясы 2", "Қоңыздың өмірі", "Монстрлар корпорациясы" және "Ара ізденістер Немо" туындылары 2,5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, Pixar студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.

Mультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, Pixar үшөлшемді компьютерлік графика саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Pixar RenderMan қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. RenderMan — жоғарысапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама "Титаник", "Матрица", "Сақиналар әміршісі" және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған.

Бас директоры — Эд Кетмелл, ал креатив бөлімін Джон Лассетер басқарады.

Студия еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Толықметражды анимациялық фильмдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақша атауы Ағылшынша атауы Тұсаукесер жылы
1 Ойыншықтар хикаясы Toy Story 1995
2 Қоңыздың өмірі A Bug's Life 1998
3 Ойыншықтар хикаясы 2 Toy Story 2 1999
4 Монстрлар корпорациясы Monsters, Inc. 2001
5 Немоны табу Finding Nemo 2003
6 Суперотбасы The Incredibles 2004
7 Көліктер Cars 2006
8 Рататуй Ratatouille 2007
9 ВАЛЛ-И WALL-E 2008
10 Жоғары Up 2009
11 Ойыншықтар хикаясы 3 Toy Story 3 2010
12 Көліктер 2 Cars 2 2011
13 Батыл жүрек Brave 2012
14 Монстрлар университеті Monsters University 2013
15 Зерде Inside Out 2015
16 Өнегелі динозавр The Good Dinasaur 2015
17 Дориды табу Finding Dory 2016
18 Көліктер 3 Cars 3 2017
19 Коконың құпиясы Coco 2017
20 Суперотбасы 2 The Incredibles 2 2018
21 Ойыншықтар хикаясы 4 Toy Story 4 2019
22 Алға Onward 2020
23 Жан Soul 2020
24 Лука Luca 2021
25 Қызару Turning Red 2022

Болжалды фильмдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақша атауы Ағылшынша атауы Тұсаукесер күні
1 Lightyear Lightyear 2022
2 Elemental Elemental 2023