Тәуелсіздік Дәуірі & Smart Ustaz онлайн турнирі (Олимпиадаға тіркеу жабық)
Сәлем!"Тәуелсіздік дәуірі" онлайн ойынының Олимпиада арналған бетке қош келдіңіз! Бұл бетте сіз ойын шарттары туралы толығырақ біліп, ережелермен танысып, қатысу үшін тіркеле аласыз.
Ойынға кім қатыса алады?
Егер сіз мектеп пен колледжде "Тарих" пәні мұғалімі болсаңыз, онда 13 қараша мен 1 желтоқсан арасында өтетін «Тәуелсіздік дәуірі» ойыны Олимпиадасының онлайн кезеңіне қатыса аласыз. Бұл кезеңде біз 11 желтоқсанда Астана қаласында өтетін «Тәуелсіздік дәуірі» ойындарының финалдық офлайн кезеңіне өтетін 10 қатысушыны іріктейтін боламыз.
Олимпиада қашан және қалай өтеді?
- Олимпиада 13 қарашада сағат 13.00-де басталып, 1 желтоқсан сағат 23.59-ға дейін онлайн түрде өткізіледі;
- Қатысушы көрсетілген кезең арасында тіркелуі/авторизациялануы қажет. Содан кейін «Олимпиадалар» бөлімінде олимпиаданы таңдап, «Қатысу» батырмасын, «Бірінші режимді» және «Ойынды бастау» батырмаларын басу керек. Ойын 1 режим бойынша өтеді; күрделілігі - орташа;
- Олимпиаданәтижесі 2024 жылдың 2 желтоқсанында kzgame.kz сайтында жарияланады.
Сізге не істеу керек?
- kzgame.kz сайтына тіркеліңіз;
- Қатысуға өтініш беру - батырмасы осы бетте;
- Онлайн ойында үздік нәтиже көрсету (ойнау саны шектелмейді, тек күрделілігі бойынша «орташа» және бірінші режимде ойналған ойын нәтижелері ескеріледі);;
- Олимпиада біткен соң - үздіктерді 11 желтоқсанда өтетін (Астана қаласында) ойынның финалдық офлайн кезеңіне шақыруды күтіңіз.
Жүлделер!
- Алиса яндекс станциясы;
- Планшет;
- Және ең басты жүлде —Ноутбук
Олимпиада туралы басқа мәліметтерді elumiti.kz сайтынан табасыңыз, сондай-ақ біздің әлеуметтік желілерімізде elumiti.kz Олимпиада және сонымен байланысты жаңалықтар жарияланады.
Қатысушылар рейтингі
Бөлісу
"Тәуелсіздік дәуірі" әлеміне қош келдіңіз — Қазақстан Республикасы тарихының ең жарқын сәттерін бастан өткере алатын және бүкіл мемлекет пен оның азаматтарының тағдырына әсер ететін маңызды шешімдер қабылдай отырып, өзіңізді ел көшбасшысы ретінде көрсете алатын ойын.
Ойынның үш режимі бар: қысқа ойын үшін (2011 жылдан 2019 жылға дейін), шағын ойын үшін (2011 жылдан 2019 жылға дейін) және толық ойын үшін (1991 жылдан 2019 жылға дейін). Қозғалыстар саны да, бастапқы ресурстар да таңдалған режимге байланысты болады