Кабие

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кабие
коретиба, катиба, кабиема,
Бүкіл халықтың саны

1 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Того

940 000

 Гана

30 000

 Бенин

30 000

Тілдері

кабре тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Кабие (коретиба, катиба, кабиема) — Того мемлекетінің солтүстік-шығысында, сондай-ақ орталық аймағында тұратын халық.[1] Халқы 1 миллион адам (2008, бағалау). Олар сонымен қатар Гананың солтүстігінде (30 мыңнан астам адам, негізінен Солтүстік аймақта) және Бениннің батысында (30 мыңнан астам адам) тұрады.[2]

Тілі гур тобына жататын, нигер-кордофан отбасының кабре тілі. Жазуы 1978 жылдан бастап латын әліпбиіне негізделген жазу.[3]

Кабие халқының көп бөлігі дәстүрлі нанымдарды — ата-бабаларға табынуды және Эсо жоғарғы құдайына сенуді ұстанады. Сондай ақ суннизм мен католицизмді ұстанушылар да бар.[4]

Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (құмды құрғақ жерлерде тары, құмай, бұршақ, жержаңғақ және т.б., ойпаң жерлерде – күріш, ямс). Мал шаруашылығы кең тараған (ірі және ұсақ мал), иттерді (тағамға арналған), құсты ұстайды. Олар жабайы өсетін майлы пальма жемістерін жинаумен айналысады. Қолөнерден – ұсталық, қыш, тоқымашылық, ағаш өңдеу, ағаштан ою-өрнек жасау, сәндік маталар, қоржын мен төсеніш тоқу, т.б. дамыған.[5]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін ауылдық үлкен отбасылық қауымдастықтар, патрилиндік тектер, жас топтары, жасырын ерлер одақтары құрайды. Некеден кейінгі қоныс вирилокалды, полигиния, сорорат, қолданылады, инициация ғұрыптары сақталған.

Ауылдары шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйлері саман қабырғалары бар саман қоршаумен қоршалған (төртбұрышты және дөңгелек пішінді).

Ерлер киімі – ұзын зығыр көйлек, шорт, әйелдердікі – түрлі-түсті көйлектер, жемпір, белдемше.

Азық-түлік негізінен өсімдік тектес (жарма, тарыдан жасалған бұқтырылған тағамдар, көкөністер), сүт өнімдерін тұтынады.[6]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кабье https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1305758
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2031018
  3. Кабье https://agro-portal.su/vikistati/36455-kabe.html
  4. Значения слов кабье https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%BA%D0%B0%D0%B1%D1%8C%D0%B5
  5. Народы и культуры Кабье https://travel-journal.ru/ethno/38/301/(қолжетпейтін сілтеме)
  6. народы мира / Кабье http://www.etnolog.ru/people.php?id=KABE