Неоген кезеңі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Неоген кезеңі - кайнозой эрасының ұзақтығы 24,6 млн. жылмен өлшенетін екінші (ортаңғы) геологиялық кезеңі. Бұдан 23 — 1,6 млн. жылдар бұрынғы уақыт аралығын қамтыған.[1]

Неогенген терминін австрия ғалымы М.Гернес енгізген (1853). Неоген миоцен және плиоцен бөлімдеріне жіктеледі. Миоценнің төм. және ортаңғы бөлімдері теңіздік шөгінділерден, ал жоғарғы бөлігі гипсті жыныстардан құралған. Плиоцен горизонттарының төм. бөлігі саздардан, жоғ. бөлігі құмды жыныстардан құрылады. Жерорта теңізі бойындағы (Италия, Грекия) плиоцен жыныстары құрамында жанартаулық жыныстар мол тараНеогенн. Мұхитпен кейде қосылып, кейде одан бөлінген Қара теңіз бен Каспий теңізі аймақтарының тұйық алаптарындағы төм. және ортаңғы миоценнің бөліктері майкоп сериясының саз қат-қабаттарының жоғарғы бөлігінен құралған. Плиоцен басында Қара теңіз бен Азов теңіздері орнында Каспийден оқшау орналасқан, суы тұзды Понт, кейін Киммерий көлдері болды. Бұл кезде Кавказда континенттік және жанартаулық жыныстар жиылды, Оңтүстік-Батыс Азияда континенттік тұнбалар, Индонезияда теңіздік, континенттік, жанартаулық жыныстар шоғырланды. Жер тарихында. алып жас таулардың (альпі қатпарлықтары) көтерілген, ұлғайған, теңіз айдындарының сарқылып, шаралары шөгінділерге толған кезеңі. Неогеннің аяғында континенттер мен мұхиттар осы күнгі қалпына келді. Неогеннің теңіздік шөгінділері Қазақстан жерінде Арал, Каспий теңіздерінің маңында ғана кездеседі. Неогеннің континенттік шөгінділері Тұран плитасы мен Тянь-Шань аймағын, т.б. өңірлерді алып жатыр. Неоген ағымында дала, орманды дала, тайга және тундралық өсімдіктер пайда болып, кеңінен дамыды. Құрлықтағы организмдердің құрамы қатты өзгерді. Сүтқоректілер фаунасы айтарлықтай өзгеріске түсті. Қазіргі жыртқыштар, тұяқтылар мен тұмсықтылардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, миоценде аю, гиена, құндыз, ит, борсық, мостодонт, мүйізтұмсық, қой пайда болса, ал плиоценде күзен, піл, гиппопотам, бұғы, гиппарион үш тұяқты жылқы (плиоцен соңында олар осы күнгі жылқы түріне айналды)] пайда болды. Қазақстанның, Еуропаның жоғарғы миоцен түзілімдерінде қазіргі шимпанзелерге ұқсас маймылдар – дриопиктердің қалдықтары табылған; мергель, әктас қабаттары бар малтатас, құм, қиыршықтас, саз жыныстары көп тараған. Кен байлықтардан мұнай мен газ (Парсы – Месопотамия мен Кордильера – Анд, Иран, Сахалин, т.б.), көмір кен орындары (барлық құрлықтарға таралған), темір кен шоғырлары (Керчь), т.б. әр түрлі тау жыныстары кездеседі.[2]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Үлгі:Stub:Геология