Metro: Last Light
Metro: Last Light | |||
---|---|---|---|
Жасаушы | 4A Games | ||
Баспагер | Deep Silver | ||
Локализатор | Бука Орыс тіліне аудармашы | ||
Интерфейс тілі | ағылшын тілі, украин тілі, орыс тілі, неміс тілі, француз тілі, испан тілі, италиян тілі, поляк тілі, чех тілі, нидерланд тілі | ||
Үлгі:Карточка игры/Base
| |||
Серия бөлімі | Метро 2033 сериясы | ||
Анонс күні | 3 ақпан 2011 | ||
Шығарылған күні |
Windows, Xbox 360, PlayStation 3: 14 мамыр 2013 17 мая 2013 macOS: 10 қыркүйек 2013 Linux: 5 қараша 2013[1] Xbox One, PlayStation 4: 26 тамыз 2014 28 тамыз 2014 Nintendo Switch: 28 ақпан 2020 | ||
Лицензия | Меншікті | ||
Жанрлар | First Person Shooter Survival Horror Стелс | ||
Жас шектеу рейтингтер |
ACB: MA15+ ESRB: M (17+) RARS: 18+ PEGI: 18 BBFC: 15 CERO: D (17+) USK: 18 | ||
Платформалар | Windows, PlayStation 3, Xbox 360, Xbox One, PlayStation 4 | ||
Ойын қозғалтқышы | 4A Engine | ||
Ойын режимдері | бір-ойыншы | ||
Басқару құрылғылары | Пернетақта Тышқан Геймпад | ||
Сайт | Ресми сайты |
Metro: Last Light (қаз. «Метро: Үміт сәулесі») — постапокалипс сеттингіндегі бiрiншi жақтан шутер жанрындағы Survival Horror мен Stealth элементтері бар Метро 2033 сериясының ойыны. 4A Games украиналық студиясымен жасалып, Deep Silver компаниясымен Компьютерге, PlayStation 3, Xbox 360 платформаларына басып шығарылған. Ойынның ресми анонсы — 2011 жылдың 3 ақпаны, ал шыққан күні - 2013 жылдың 14 мамыры. 2014 жылдың 28 тамызында Metro: Last Light Redux атты жаңартылған нұсқасы PlayStation 4, Xbox One платформаларына шықты. Ал 2020 жылдың 28 ақпанында Nintendo Switch платформасына шықты.
Ойынды шамамен 80 адам жасады, ал ойынның сценариін және барлық диалогтарын Метро 2033 романының авторы Дмитрий Глуховский өзі жазып шықты. Ойынның жасалу кезінде онлайн режимді енгізу мәселесі қарастырылып отырды, бірақ ол ойдан бас тартты. Басында, ойынның баспагері ретінде THQ компаниясы болатын. Ол ойынның жасалуына аз ақша бөліп, кейін банкрот болды. Кейін «Metro» франшизасына құқықтарды Deep Silver комапаниясы сатып алды. Жасалу процесінде онлайн режимінен басқа ойынның Nintendo Wii U платформасына нұсқасынан да бас тартты.
Ойын процесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойынның үлкен бөлігі Мәскеу қаласының метрополитенінде өтеді, бірақ сюжеттің кей бөліктері бізді ядролық жарылыстардан өткен Ресей көшелерінде жүргізеді. Ойынның негізгі геймплейі мутанттар мен адардармен қақтығыстардан тұрады. Басты кейіпкер Артем әртүрлі қару-жарақтарды қолдана алады. Ойында әртүрлі мылтықтар, пистолеттер, автоматтар, револьвер және пулемет бар[2].. Алдыңғы ойынмен салыстырғанда, локациялар кеңейтіліп, оларды өтудің бірнеше жолдары пайда болды. Ал жер үстіндегі локацияларды өту үшін енді белгілі бір тапсырманы орындау керек. Локациялар кең болғандықтан, ойыншы оны қалай зерттейтінін өзі шешеді[3][4]. Барлық локацияларда Артем жазған күнделіктер шашылған. Олардың барлығын жинап, сіз ойын "лоры" мен әлемде болған оқиғаларды және оған қоса Артемнің осының барлығына пікірін біле аласыз[3][5].
Ойын сюжеті
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Metro: Last Light ойынының оқиғалары Metro 2033 оқиғаларынан 1 жылдан кейін 2034 жылы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтеді. Metro 2033 ойынының соңында Артем және Спарта жасағының жауынгерлері Қаралардың ұясына ракеталармен соққы жасады. Кейін "Спарта" жасағы әлі толық зерттелмеген Д6 жасырын бункерін алып, жаңадан жауынгерлерді жасаққа жинап, ол жасаққа Артемді да қосады. Артем Қараларды жою дұрыс жол болды ма деп күмәндана бастайды. Ал Д6 бункері мен оның байлықтары туралы өсектер барлық метроға таралады. Спарта жасағының қарсыластары коммунистік Қызыл жолақ және фашистік Төртінші Рейх Д6 бункерін жаулау туралы ойластыра бастайды.
Бірінші ойыннан бері таныс саяхатшы-философ Хан Артемға және Спарта жасағына жер үстінде бала Қараның тірі қалғанын айтып, оның жарқын болашаққа жол екеніне сеніп, онымен бірге сөйлескісі келеді. Бірақ жасақ басшысы Мельник Қараны аса қауіпті мутант деп санап, оны өлтіруге Артемді және өз қызын Аннаны жібереді.
Операция кезінде Артем Қараны табады, бірақ нацистердің қолына түседі. Артеммен бірге тұтқынға тағы екі адам түседі. Олардың біреуі Қызыл Армия жауынгері Павел Морозовпен бірге Артем екеуі түрмеден метро туннельдері арқылы қашып кетеді. Бірақ кейіпкерлер Қызыл Жолақтың "Театр" атты жасырынған жеріне жеткенде, ол Павелдың жоғары дәрежелі офицер екенін біледі. Павел Артемді Спарта мен бала Қара туралы көбірек білу үшін тұтқынға алады. Артем коммунистерден қашып, Павелдың күштерімен жарысып, Спартандық сатқын және Қызыл Жолақтың тыңшысы Лесницкий ұрлап әкеткен вирус пен Аннаны іздейді. Артем өз жолында Октябрьская станциясының тұрғындарын өлтіріп жүрген коммунистік әскерлерді табады. Қызыл Жолақ Лесницкий ұрлаған вирусты станцияда шашыратып. Артем Аннаны тауып, оны босатады, бірақ оны құтқару кезінде жұқтырады және Анямен бірге карантинге түседі.
Артем мен Анна вирусқа теріс тест тапсырады, ал кейінірек Артем Ханды қайтадан кездестіреді. Аннаны палатада қалдырып, Артем мен Хан Қара баланы табады және галлюцинациялардан кейін басты кейіпкер оны бала кезінде қара құтқарғанын есіне алады. Ол осы тіршілік иелерімен психикалық байланыста болды және Қаралардың адамзатпен бейбіт байланыс орнатуы үшін аудармашы болуы керек еді. Артем өзі жасаған қателікті түзетуге ант береді және тірі қалған Қараларды кез келген жағдайда қорғауға шешім қабылдайды. Екеуі Мәскеу метросана қайта аттанып, Полиске барады. Ол жерде Спарта, Қызыл Жолақ, Төртінші Рейх және Ганза арасында Д6 туралы бейбіт конференция өтеді. Ол жаққа барар жолда Артем Павел мен Лесницкийді жеңеді, ал Қара бала Д6-да Қаралардың тобы бар екенін сезе бастайды. Полиске келгеннен кейін, Қара өзінің телепатикалық қабілеттерін Қызыл Жолақ төрағасы мен оның жетекшісі Москвинді өзінің "бейбітшілік конференциясы" қызыл сызық генералы Корбутқа бункерді басып алуға мүмкіндік беру үшін диверсия екенін көпшілік алдында мойындау үшін пайдаланады. Артем және басқа спартандықтар Корбут армиясына қарсы тұру үшін Д6-ға асығады, бірақ Спартандықтарды Қызыл армияның бронды пойызы тоқтады. Коммунистер спартандықтарды қоршап алып, Артемді және қалған әскерді өлтіруге дайындалуда.
"Last Light"-та екі аяқталу бар, олар ойыншының ойнау стиліне байланысты. "Жаман" аяқталуда Артем Корбуттың басқа фракцияларды жою үшін бункерді пайдалануына жол бермеу үшін алдын-ала миналанған Д6-ны жарып жібереді, нәтижесінде Артемнің, сондай-ақ тірі қалған барлық спартандықтар мен қызыл армиялардың өліміне әкеледі. "Жаман" аяқталудың соңында Анна ұлына қайтыс болған әкесінің батылдығы туралы айтады. "Жақсы" аяқталуында Артем Д6-ны жоюға дайындалып жатқан, бірақ оны бала Қара тоқтатады да, өзінің оянған туыстарымен бірге Корбуттың әскерін жояды. Ульман көптеген спартандықтар сияқты өледі. Мельник аман қалады, бірақ орденді арбада басқара бастайды (екі аяғынан да айырылды), ал Хан елес секілді жоғалып кетеді. Артем кішкентай бала Қараны адамзаттың соңғы "Үміт Сәулесі" деп атайды. Екі аяқталуда да бала Қара болашақта оралуға уәде беріп, қауіпсіз жерді табу үшін басқа Қаралармен бірге кетеді.
Ойынның жасалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ойынды украиналық 4A Games компаниясы 80 адамға жуық күш кетіріп жасаған болатын[6]. Metro: Last Light Дмитрий Глуховскийдің Метро 2034 кітабында негізделмеген. Бұл - оның алдындағы Metro 2033 ойынының сиквелі. THQ коммуникация бөлімінің төрағасы Хью Бейнонның айтуы бойынша, "Метро 2034" романы "артхаусты триллер" болғандықтан кейін, оны ойынға бейімдеу қиынға соқты[7]. Дегенмен, Глуховский ойынға өзінің жеке сценарийін жазып, Microsoft Excel-де 3000-нан астам ұяшыққа диалогтарды жазып шықты[8][9]. Глуховский "Riot Pexels" сайтына интервьюында ойынның басты кейіпкері Хантер бола алғанын айтқан болатын, бірақ сосын ол Артемнің оқиғасын қалай жалғастыруға болатынын ойлап тапты.
Жасаушылардың ең басты мақсаттарының бірі Метро 2033-те болған мүмкіндіктерді дамытып, ойынның атмосферасын сақтап қалу болды[10][11][12]. Жасалу барысында физика, қарулардың ату механикалары, анимациялар және графика дамыды, оған қоса жаулардың жасанды интеллекті мен стелс жетілдірілді[6][13]. Жасанды интеллект қиындық деңгейңне де байланысты болып келеді. Авторлардың негізгі идеясы - ойын барысында алынатын ләззат сезімін қалдыру болды. Ойын ойыншыларды қателіктері үшін қатты жазаламайды[14][15]. Басында ойынға Метро сериясына ерекше бірнеше ойыншыларға арналған онлайн режим жасалуда болатын. Онлайнда бірнеше режимдер болу керек болатын, бірақ олардыңқатарына "топтардың қақтығысы" және "байрақты жаулау" кірмеген. Кейін онлайн режимнен бас тартып, күшті ойынның сюжеттік желісін дамуына тастаған[16][17][18].
4A Games-тің тағы бір мақсаты ойыншының өзін ыңғайсыз сезінуінде болды[19]. Metro 2033-те болған хоррор элементтері осы ойынға да көшті[6]. THQ описывала игру как «попытку бороться с утомительностью шутеров», сфокусировавшись на тяжёлых однопользовательских сюжетах[20]. Хью Бейнон айтуы бойынша ойынның философиясы Call of Duty ойындар сериясының философиясына қарама-қарсы тұрады. Call Of Duty мультиплеерға арналған контентке толы болса, Last Light-та сюжетке көбірек мән бөлінді. Украиндықтардың айтуы бойынша, әр шайқас ойыншының есінде қалу керек[15].
Ойын әлемі реализмге аса назар аудара отырып құрылды. Сценарий жазу кезінде Дмитрий Глуховский ойынға ойынның төрт фракциясын қоршап тұрған көптеген жанама және драмалық оқиғаларды енгізді. Глуховскийдің айтуынша, бұл тәсілдің арқасында ойын басқа бірінші жақтағы шутерлерге қарағанда тереңірек және шынайы болады[8]. Дәл бірінші ойындағыдай, осы ойында моральді дилеммалар қалды. 4A Games осы механиканың ойын әлеміне біраз реализмді қосатынына сенімді. Андрей Прохоров әдейі ойынның интерфейсінің басым бөлігін алып тастады, себебі олар ойын атмосферасын құртып, бөгет болады[21][13].
Last Light 4A Gamesтің өзінің 4A Engine атты ойын қозғалтқышында жасалған[22]. Топ жарық және заттардың қиратылу жүйелерін жақсартты, сонымен қатар түстер палитрасына өзгерістер еңгізді[23]. Ойын бастапқыда Nintendo Wii U платформасына да шығарылуы керек еді, дегенмен THQ бірнеше рет осы платформаға порт жасау мүмкін еместігін мәлімдеді[24]. 4A Games компаниясының техникалық директоры Олес Шишковцев Wii U процессорын ашық сынға алып, оны "нашар және баяу" деп атады[25][26]. Хью Бейнон 4A Gamesтің Metro: Last Light-ты Wii U-ге шығармайтынын айтты, өйткені студия "ойынды Nintendo платформасына порт жасау үшін қажетті күш-жігерді ақтай алмады". Студия порттың дамуымен барлық жағынан тәжірибе жасады, бірақ соңында бас тарта салды[27].
THQ компаниясы Metro 2033-тің де баспагері болды, алайды ойын жасалуына аса қатыспаған болатын. Бірақ ойынның сатылымдары THQ-ді таңғалдырды, сол себепті сиквелдің жасалуына жол ашты[28]. THQ-дің сол кездегі бас директоры Дэнни Билсон украиндықтарға көбірек қолдау көрсетуге уәде берді және "Last Light-тың" әзірленуіне және маркетингіне көбірек ресурстар бөлетінін айтты[29]. Компанияның бұрынғы президенті Джейсон Рубин ойынның жасалуы аяқталған кезде өте қиын жұмыс жағдайлары мен украиндарға қойылған талаптар туралы айтты. Олардың офисінде электр қуатымен үлкен проблемалар болды. Бұл портативті генераторларды қолдануға мәжбүрледі, ал қуатты жабдықты сатып алу үшін қызметкерлер АҚШ-қа ұшып, кеден қызметкерлеріне түсіп қалмас үшін оны жасырын түрде Украинаға багажымен тасымалдады. Рубин оның компаниясы ойын жасалуына үшін өте аз бюджет бөлгенін қосты. Әзірлеушілердің жұмыс офисі толып кеткен және кішкентай болғандықтан, оны "толып жатқан мектеп асханасымен" салыстырды[30][31]. THQ Президенті 4A Games-ті осындай қатал жағдайларда да сәтті аяқталған ойынның жасалуы үшін мақтады. Андрей Прохоров Джейсон Рубинді олардың офисын қарауға келіп жүрген THQ-дан жалғыз адам болғандығын айтты. [32][33].
Сатылымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Metro: Last Light Британияда аптаның ең көп сатылатын ойыны болып атанда, бірақ бірінші ойынның сатылымдарын оза алмады[34]. Бірақ АҚШ-тағы ойынның сатылымы бірінші аптада "Metro 2033" - тен асып түсті[35]. NPD Group деректері бойынша Last Light сол айдағы ең жақсы сатылатын ойындар арасынан алтыншы орынға ие болды[36]. Кейін Deep Silver Metro Redux топтамасы бір жарым миллионнан астам көшірме санында сатылғанын айтты[37].
Ойынның жалғасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2019 жылдың 15 ақпанында Metro: Last Light-тын жалғасы - Metro Exodus шыққан болатын. Осы ойын Last Light-тың жақсы аяқталуын канон ретінде алады. Артем тірі қалды және ол қалған Спарта жасағының адамдарымен бірге Мәскеулік метродан «Аврора» атты ескі пойызда кетіп, КСРО бойынша саяхаттап, өмір сүруге тиімді жерді іздейді[38]. Ойын компьютерге, Xbox One, PlayStation 4 платформаларында шығып, сыншылар мен ойыншылардан жақсы рецензиялар алды[39][40][41][42]. 6 мамыр күні Metro Exodus-тың компьютерге жаңартылған нұсқасы шығады, 18 маусым күні PlayStation 5 және Xbox Series X/S платформаларына шықты.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedMetro:LL for Mac and Linux
- ↑ Meer, Alec Tunnel Vision: Eyes-On With Metro: Last Light. Rock, Paper, Shotgun (21 желтоқсан 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedThe Underground
- ↑ Schreier, Jason Thirteen Things You Should Know About Metro: Last Light. Kotaku (12 қараша 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Schreier, Jason Thirteen Things You Should Know About Metro: Last Light. Kotaku (12 қараша 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b c Farrelly, Steve AusGamers Metro: Last Light Developer Interview. AusGamers (6 тамыз 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Grant, Christopher Metro: Last Light preview: Once more, with feeling. Engadget (31 мамыр 2011).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b Cook, Dave "Not your regular game story" – writing Metro: Last Light. VG247 (8 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Фомин, Константин Интервью: “Метро 2033: Луч надежды” (5 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 наурыз 2022.
- ↑ Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedRPSInt
- ↑ Gera, Emily Metro: Last Light won't be 'flawed masterpiece'. VideoGamer.com (30 тамыз 2011).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Hatfield, Daemon E3 2011: Metro Last Light Aims To Fix Metro 2033. IGN (31 мамыр 2011).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b Grayson, Nathan Underground Sensation: Beynon on Metro: Last Light. VG247 (27 маусым 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Lien, Tracey Metro: Last Light is 'what the first game could have been and more,' Deep Silver says. Polygon (21 наурыз 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ a b Yin-Poole, Wesley THQ hopes to rekindle memories of Half-Life 2 with Metro: Last Light. Eurogamer (30 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Jenkins, David Metro: Last Light preview and interview – Russian winter. Metro (31 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Wilde, Tyler Metro: Last Light won't have multiplayer at release despite previous announcement. PC Gamer (15 қазан 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Чаплюк, Андрей Утренние блиц-новости (15 қазан 2012).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 желтоқсан 2021.
- ↑ Cullen, Johnny We're aiming to "unsettle the player" with Metro: Last Light, says THQ's Beynon. VG247 (29 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Takahashi, Dean Metro Last Light fights shooter fatigue with deeper single player (hands-on preview). VentureBeat (29 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedPCGPre
- ↑ Leadbutter, Richard Inside Metro: Last Light. Eurogamer (26 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Douglas, Jane Metro: Last Light: "More Complete" Than 2033. GameSpot (29 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Newton, James Metro: Last Light No Longer Confirmed for Wii U. Nintendo Life (29 мамыр 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Gera, Emily Metro: Last Light will not come to Wii U due to its 'horrible, slow CPU'. Polygon (21 қараша 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Чаплюк, Андрей Разработчик Metro: Last Light раскритиковал Wii U (21 қараша 2012).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 желтоқсан 2021.
- ↑ Makuch, Eddie Metro: Last Light Wii U canceled early on. GameSpot (16 желтоқсан 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Hillier, Brenna THQ "a little too late" to capitalise on "bonafide hit" Metro 2033. VG247 (6 тамыз 2012).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Onyett, Charles Waiting For Metro 2034. IGN (8 ақпан 2011).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Ермаков, Глеб ОБ УЖАСАХ РАЗРАБОТКИ METRO: LAST LIGHT.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 наурыз 2020.
- ↑ Чаплюк, Андрей Бывший глава THQ рассказал о тяжелых буднях разработчиков Metro: Last Light (16 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 8 желтоқсан 2021.
- ↑ Jason Rubin: Metro: Last Light is the "triumph of an underdog". Gameindustry.biz (15 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Nunneley, Stephany Metro: Last Light creative director responds to Rubin's account of 4A's terrible working conditions. VG247 (16 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Martin, Matt Metro: Last Light replaces Dead Island Riptide as UK No.1. Gameindustry.biz (20 мамыр 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Matulef, Jeffery Metro: Last Light sold more units in one week worldwide than its predecessor did in three months. Eurogamer (1 маусым 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Grubb, Jeff May 2013 NPD: 3DS sells well on strength of Donkey Kong and Luigi. VentureBeat (17 маусым 2013).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Makuch, Eddie Metro Redux Sells 1.5 Million Copies. GameSpot (15 сәуір 2015).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Пи, Лена Metro: Exodus продолжит одну из концовок Metro: Last Light.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 18 желтоқсан 2021.
- ↑ Title sequence revealed. Deep Silver (13 желтоқсан 2018).(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Metro Exodus for PC Reviews. CBS Interactive.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Metro Exodus for Xbox One Reviews. CBS Interactive.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Metro Exodus for PlayStation 4 Reviews. CBS Interactive.(қолжетпейтін сілтеме)
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |